Menu
Еріктілер және түлектер серіктестігі
СДУ түлектері арасында еріктілікпен айналысу қазіргі және болашақ студенттер үшін үлкен маңыз көрсете отырып, университетпен байланыста қалудың керемет тәсілі. Ерікті бола отырып, Сіз сондай-ақ өз дағдыларыңызды дамытып, жаңа байланыстар құрып, түлектер мен студенттердің көмегі арқылы СДУ-ң дамуына өз үлесіңізді қоса аласыз.
Түлектер ерікті ретінде шақырылғанда:
- Дәріскер ретінде;
- Тәлімгер ретінде;
- Қадірлі қонақ ретінде шақырылуы мүмкін.
СДУ серіктес университет ретінде:
- сіздің әр түрлі үкіметтік және үкіметтік емес жобаларда референт болуға, қажет болса серіктес болуға дайын;
- кампус аумағында Сізге қажетті аумақты ұсынады;
- басқа да бірлескен жобаларды жүзеге арысуға дайын.