Түлектерге арналған артықшылықтар мен қызметтер
Оқуды аяқтағаннан кейін, сіз автоматты түрде университет қаумыдастығының толыққанды мүшесі боласыз. Университет барлық бітірушілерге бірқатар жеңілдіктер мен қызметтерді ұсынады. Сіз бізбен үнемі байланыста бола отырып пайдалы ақпараттарды, еліміздің алдыңғы қатарлы жұмыс берушілерінен ұсыныстар ала аласыз. Егер Сіз әлі мәліметтерді алмаған болсаңыз, біздің Онлайн Сауалнаманы толтырып, керекті дер уақытында алыңыз.
Түлектер Мүмкіндіктері
Карьерлік кеңес
Карьерлік Даму Департаменті соңғы үш жыл ішінде СДУ-ды бітірген барлық студенттерге және ғылыми зерттеушілерге кәсіби дамуға қатысты ақпараттармен бөліседі. Біз Сізге арнайы карьерлік даму жоспарын түсіндіре отырып, бос жұмыс орындарын табу және өтініш беру, жұмыс туралы ұсыныстарды өңдеу бойынша бойынша кеңестер ұсынамыз.
Түлектердің мүмкіндіктері
Біздің түлектер оқуларын университетімізде жалғастырған жағдайда оқу ақысын төлеу бойынша бірқатар жеңілдіктерді пайдалана алады. Сіз әлемдік деңгейдегі ғылыми зерттеулер мен қызметтердің артықшылықтарын пайдалана аласыз, сондай-ақ магистратурада оқу құнынына 10% көлемінде жеңілдікке қол жеткізесіз.
ҮББО (Үздіксіз білім беру орталығы)
СДУ түлектері Үздіксіз білім бері орталығының барлық бағдарламаларын 50% жеңілдікпен ала алады.
Серіктестік Сыйақы
ETL –ге 10% жеңілдік
Біздің түлектеріміздің балалары Еуразиялық техникалық лицейде 10% жеңілдікпен оқи алады.
Mediterra клиникасы
Түлектер бөлімі әр түрлі мекемелерден біздің түлектер үшін тиімді жеңілдіктер алуды жалғастыруда. Mediterra клиникасы – Қазақстандағы ең үздік жекеменшік клиникалардың бірі болып табылады. СДУ түлегі бола отырып, Сіз клиникада бар барлық қызме түрлеріне 25% жеңілдік ала аласыз.
СДК-ға 10% жеңілдік
Біздің түлектеріміздің балалары Сулейман Демирел Колледжінің лицейінде 10% жеңілдікпен оқи алады. СДК – Алматыдағы ең жоғары сапалы мектептер мен колледждердің бірі.