Студенттік өмір
Университеттегі өмір тек оқу мен тәжірибе ғана емес, сонымен қатар зияткерлік, ғылыми зерттеу, шығармашылық, мәдени даму, өнер және спорт қабілеттерін дамыту болып табылады. Әртүрлі салада дамуды қамтитын 28-ден астам студенттік клуб пен ұйымдарға қатыса отырып студенттеріміздің көшбасшылық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктері бар. Біздің мақсатымыз – жеке, кәсіби және белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлға тәрбиелеу, түрлі мүмкіндіктердің қолжетімділігін қамтамасыз етіп студенттеріміздің қабілеттерін дамыту.
Жеке және кәсіби тұрғыдан кемелденген адам – бұл шығармашылық жағынан кемелденген, құқықтық және коммуникативті мәдениеті жетік, кәсібилігі мен құзыреттілігі мықты тұлғаға айналады. Университет осы қабілеттерді дамытатын орта. Бөлімнің негізгі міндеті – осы қағидаларды басшылыққа ала отырып университеттің әлеуметтік өмірін ұйымдастыру болып табылады. Бөлім студенттік ұйымдардың жұмысын бақылап, студенттердің бастамаларна университет атынан әкімшілік қолдау көрсетіп отырады. Бұдан бөлек, бөліміміз әртүрлі спорт секцияларының жұмысын үйлестіріп, спорттық шаралар ұйымдастырады, салауатты өмір салтын насихаттайды. Университетімізде төрт бағытта жұмыс жасайтын 28-ден астам клуб бар:
- Спорт (футбол, волейбол, теннис, карате т.б.)
- Көшбасшылық және шығармашылық даму (пікірсайыс, өнер, би, ән, музыкалық аспаптар, кино т.б.)
- қайырымдылық
- білім беру
Әлеуметтік өмір және спорт
Университет студенттердің тек білім алуы ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға,көшбасшы ретінде дамуы үшін маңызды орта. Бөлім студенттік ұйымдардың жұмысын бақылап, студенттердің бастамаларна университет атынан әкімшілік қолдау көрсетіп отырады.
Психологиялық көмек
СДУ Психологиялық қолдау орталығы студенттерге психологиялық қызмет көрсету үшін 2008 жылы жұмысын бастады. Орталықтың негізгі жұмысы – білім алу барысында студенттерге психологиялық қолдау көрсету, олардың жаңа ортаға бейімделуіне көмектесу, түрлі психологиялық тақырыптарда университет қызметкерлеріне қызмет көрсету, қызметкерлер арасында қолайлы психологиялық ара-қатынасты қалыптастыру.
Біздің орталықта:
- Психологиялық көмек ала аласыз;
- Түрлі психологиялық тесттерден өтіп өзіңізді тани аласыз.
Кеңестеріміз:
- Психологиялық кеңес. Бұл – тәжірибелі психологтың кәсіби психологиялық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып жеке жұмыс жасауы.
Психологиялық кеңестің сипаттамасы:
- 1 – 1,5 сағат уақыт өткізіледі
- Жиілігі – аптасына 1-2 уақыт
- Курс формасында өткізіледі (3 – 15 кездесу)
- Тек психологиялық әдістер қолданады (дәрі немесе тамақтану әдістері бойыгша жұмыс жасалмайды)
- Психологияның әртүрлі тәсілдері қолданады (психоанализ, Гештальт терапия, транс техникалары т.б.)
- Толық құпиялыққа кепілдік беріледі.
Қабылдау уақыты:
Дүйсенбі – Жұма: 10:00 – 12:00 / 13:00 – 16:30
* консультациялар алдын-ала жазылу арқылы жүргізіледі.
Медициналық қызмет
СДУ студенттер мен қызметкерлерге жоғары деңгейдегі медициналық қызмет көрсетуге барлық жағдай жасайды. Осы мақсатта алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық орталық жұмыс істейді. Клиника қажетті құралдар мен дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.
Оған қоса университетіміз Қарасай ауданының орталық ауруханасымен келісімшартқа отырып, барлық студенттер мен қызметкерлерге әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тексеруден өтіп, ем алуға болады.
Медициналық көмек орталығының қызметтері:
- СДУ студенттері мен қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету.
- СДУ студенттері мен қызметкерлерінің жыл сайынғы міндетті медициналық тексеруден, флюорографиядан өтуін ұйымдастыру.
- Денсаулық жағдайына байланысты сабақтан қалған студенттердің құжаттарын тексеру, жинау.
- СДУдағы санитарлық тазалықты тексеру (асхана, дәрісханалар, дәліздер т.б).
- Салауатты өмір салтын насихаттау және аурулардың алдын алу.
- Ем алған студенттердің денсаулық жағдайын қадағалау.