Мүдделі тараптардың қанағаттану деңгейін бағалау
Сипаттама
Университет ағымдағы мәселелер мен жоспарларымыз туралы ақпарат жинау үшін сауалнамалар жүргізеді. Жылына бірнеше рет оқытушылар, білімгерлер және әкімшілік қызметкерлерден сауалнама арқылы кері байланыс орнатып отырамыз.
- Мүдделі тараптардың жұмыс орнында қанағаттану деңгейлерін анықтау;
- Университет сервистерінің және менеджментінің жұмыс сапасын анықтау;
- Мүдделі тараптар қандай өзгерістер күтетінін анықтау;
- Оқу ортасының жоғары дәрежелі білім берудегі маңызын анықтау (Интернет желісі, кітап қоры, дәріс залдары, аудиториялар, оқу алаңдарының сәйкес болуы)
Білім беру тәжірибесін үздіксіз жақсарту
Сипаттама
Пән және оқытушының оқу әдістемесін бағалау сауалнамаларының өткізілуі іске қосылды: 2019-2020 академиялық жылда күзгі және көктемгі семестр бойынша мәлімет жиналды және нәтижелер мүдделі тараптарға жеткізілді.
- Кәсіби қабілеттерін үздіксіз дамыту үшін университет тарапынан қажетті шараларды анықтау үшін ақпарат жинау.
- Пән бағалауы арқылы оқыту жоспарын жаңарту және жақсарту.
Рейтингтер мен аккредитация
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырған ЖОО білім беру бағдарламаларының «Рейтинг-2019» қорытындылары бойынша Сулейман Демирель университетінің білім беру бағдарламаларының рейтинг көрсеткіштері
№ | Білім беру бағдарламаларының атауы | Рейтинг 2019 орны | Қатысқан ЖОО саны |
Білім беру | |||
1 | Шетел тілі: екі шетел тілі | 4 | 55 |
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес | |||
2 | Экономика | 1 | 73 |
3 | Есеп және аудит | 3 | 77 |
4 | Қаржы | 4 | 77 |
5 | Маркетинг | 2 | 26 |
Техника ғылымдары және технологиялар | |||
6 | Ақпараттық жүйелер | 3 | 66 |
7 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету | 3 | 52 |
Гуманитарлық ғылымдар | |||
8 | Аударма ісі | 4 | 37 |
Жаратылыстану ғылымдары | |||
9 | Математика (ғылым) | 2 | 14 |
Құқық | |||
10 | Құқықтану | 4 | 64 |
АРТА (НААР) рейтингі бойынша 2019 жылғы білім беру бағдарламаларын саралау нәтижелері
№ | Білім беру бағдарламаларының атауы | Рейтинг 2019 орны |
1 | 5В010900 Математика | 1 |
2 | 5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету | 1 |
3 | 5В020500 Филология | 3 |
4 | 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі | 4 |
5 | 5В020200 Халықаралық қатынастар | 5 |
6 | 5В020300 Тарих | 5 |
7 | 5В020700 Аударма ісі | 4 |
8 | 5В050400 Журналистика | 5 |
9 | 5В050700 Менеджмент | 3 |
БСҚТА (НАОКО) рейтингі бойынша 2019 жылғы білім беру бағдарламаларын саралау нәтижелері
№ | Білім беру бағдарламаларының атауы | Рейтинг 2019 орны |
1 | 5В070300 Ақпараттық жүйелер | 3 |
2 | 5В020700 Аударма ісі | 2 |
3 | 5В050400 Журналистика | 4 |
4 | 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі | 3 |
5 | 5В050800 Есеп және аудит | 4 |
6 | 5В020300 История | 3 |
7 | 5В060100 Математика | 2 |
7 | 5В010900 Математика | 5 |
Стратегиялық жоспар
Университеттің білім сапасын бағалау бөлімінің қызметіне жүгіну, департаменттің басқа кафедралармен қарым-қатынас құрылымын, функцияларын, міндеттерін және құрылымы негізгі жоспарда көрсетілген.
Бөлім университет білімгерлерінің білім алу сапасын үздіксіз бақылау арқылы сапасын жетілдіруге жауапты, құрылым – оқу және ғылыми істер жөніндегі проректорға есеп береді.
Бөлімнің құрылуы, қайта құрылуы, жабылуы және оның қызметі ректордың бұйрығымен бекітілген.
Бөлім қызметі Қазақстан Республикасының негізгі ұйымдық-құқықтық құжаттарымен реттеледі: жоғары оқу орындары үшін міндетті нұсқаулықтар мен ережелер және департаменттің жылдық жоспарына сәйкес жұмыс жасайды.
Бөлім білім беру сапасын жүйелі түрде бақылау, оқытушылардың үздіксіз кәсіби дамуы үшін Оқу Әдістемелік Оратлығына мәлімет беру, сапа менеджменті жүйесі (СМЖ), академиялық кредиттік жүйенің қолданылуын бақылау және қадағалау, оқу нәтижелері мен олардың сапасын бағалау, оқу үдерістерінің ұлттық және халықаралық стандарттау және сертификаттау процестерін бақылауға жауап береді.
Сапа мониторинг бөлімінің негізгі құзіреттілігі:
- Университеттегі сапа менеджменті жүйесін (критерийлері, барысы мен механизмдері) әзірлеу және қолдануды қамтамасыз ету;
- Университет жұмысының сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру стратегиясын әзірлеу (оның ішінде студенттер мен қызметкерлердің хабардар болуы, нормативтік және процедуралық өзгерістерді енгізу арқылы академиялық сапа мәдениетін көтеру);
- Университеттің барлық факультеттері, департаменттері және студенттері үшін ережелер, саясат және нұсқаулық құжаттарын әзірлеу (әзірлеуге көмектесу) және университеттің барлық деңгейлерінде сапаны жақсартуға қолдау көрсету;
- Университеттегі оқыту тәжірибесі, бағдарламаны бағалау және оқушылардың оқу нәтижелеріне баға беру бойынша саясат пен нұсқаулықтарды дайындау;
- Оқытушыларды дамыту арқылы оқыту тәжірибесін көтеру;
- Ішкі сапа мониторинг пен бағамдаудың нұсқаулықтары, процедуралары мен механизмдерді құру;
- Сыртқы сапа мониторинг пен бағамдаудың нұсқаулықтары, процедуралары мен механизмдерді құру;
- Студенттер, қызметкерлер, түлектер және басқа мүдделі тараптардың қанағаттанушылық деңгейлерін бағалау;
- Университет басшылығымен және кафедраларымен ынтымақтастық.
Әкімшілік барысы:
- Жыл сайын мүдделі тараптардың (білімгерлер, оқытушылар және әкімшілік қызметкерлердің) қанағаттану деңгейін бағалау
- Кері байланыс алу арқылы білім беру ортасын жақсарту және жағдай жасау үшін ақпарат жинау және сәйкес жоспар құруда атсалысу
- Қызметкерлердің лауазымдық міндеттері мен бөлім/департамент ережелерінің қамтамасыз ету
- Университет ішкі бизнес-процесстерінің айқындалуы сызылуы бекіттілуі
- Құрылымдардың ережелері және қызметкерлердің лауазымдық міндететрі
Академиялық оқыту барысы:
- Университет білім беру ұдерістерінің стандарттарға сәйкес жұмыс істеуі (аккредитация)
- Білімгерлердің академиялық нәтижелеріне талдау жасау (қорытынды бағалардың сараптамасы)
- Білімгерлердің пән және оқыту әдістемелрін бағалау арқылы білім беру сапасын көтеру
- Студенттерге біліктіліктерін салалық стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз ету
- Қабылдау комиссиясының жұмысының сапасын бағалау