SDU ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметке қызығушылық танытқан басқа мекемелердің профессорлары мен оқытушыларымен жұмыс жасауға әрқашан дайын.
SDU-ға келуші оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерге түрлі зерттеу, оқыту және халықаралық білім алмасу мүмкіндіктерін ұсынады.
Өтініміңізді қалдыру үшін келесі құжаттарыңызды өткізе аласыз:
- Резюмеңізді (CV)
- Ғылыми зерттеу жұмысыңыздың тақырыбы
- Зерттеу жұмысы туралы ұсыным
- Ілеспе хат
- Оқытушылар үшін ұтқырлық бағдарламасы әр факультетте жеке-жеке қарастырылады. Өтінімдерді әр факультеттің деканы мен кафедра меңгерушісі қабылдап, таңдайды.
- Келердің алдында оқытушылар тұрғылықты орын, трансфер, көлік, Қазақстандағы туристік орындар, виза, басқа да мәселелер бойынша нұсқаулықпен таныса алады.
SDU өз қызметкерлері мен оқытушы-профессорларға әлем бойынша серіктес университеттерде білімін шыңдап, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге, әрі халықаралық академиялық ортада жұмыс істеуге бірқатар мүмкіндіктер ұсынады.
SDU ұйымдастыратын халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысушы Оқытушы немесе ғылыми қызметкерлер факультет декандары мен кафедра басшыларының мақұлдауымен іріктеледі.
Erasmus+ Еуропалық Одақтың Білім, Жастар және Спортты дамыту бағдарламасы 2014 жылы іске қосылып, 2020 жылға дейін жалғасын табуда. Erasmus+ бағдарламасы Еуропалық Одақтың көмегімен жоғарғы оқу орындарының оқытушы және әкімшілік қызметкерлеріне мүмкіндіктер ұсынады. Кәсіби дайындықтан өту мүмкіндігі SDU-да жұмыс істейтін оқытушы және оқытушы емес қызметкерлерге қолжетімді.
Бағдарламаға қызығушылығы бар қызметкерлер өтінімді тапсырған кезде қабылдаушы университеттегі жұмыс бағдарламасын мақұлдап алуы керек, ал Ұтқырлық/Алмасу туралы келісімшартқа алмасу уақыты басталмастан бұрын 3 тараптан қол қойылады: қатысушы, қабылдаушы университет және жіберуші университет. Оқытушылардың алмасу бағдарламасы бойынша қатысушы аптасына 8 сағат дәріс оқуы міндетті.
Мевлана алмасу бағдарламасы SDU және Түркиядағы серіктес университеттерінің оқытушыларына 1-6 апта аралығында өзара академиялық ұтқырлықты жүзеге асыруда қолдау көрсетеді.
Мевлана стипендиясы профессорлық-оқытушылық құрамның жол шығындарын өтеп, қатысушының профессорлық дәрежесіне байланысты1 аптадан 3 айға дейін зерттеу жұмыстары және дәріс оқуын грантпен қамтамасыз етеді.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз.
Өтінімдер туралы толық ақпаратты Халықаралық қатынастар офисінің бас маманына жолдауыңызды сұраймыз.