Мансап және кәсіби даму
SDU University Мансап және кәсіби даму департаменті студенттерді болашақ мансап құруға дайындау әрі бағыт-бағдар беруге көмектеседі. Біз жұмысқа орналасу мүмкіндігін сараптау, жұмыс берушілермен байланыс орнату және студенттерді еңбек нарығына бағыттау үшін білімгерлермен бірінші күннен бастап тығыз жұмыс істейміз. Студенттерге уақытын оңтайлы үнемдеуге және жұмысқа орналасу мүмкіндігін жақсартуға, сондай-ақ талпыныстары, идеялары мен жоспарларын анықтауға бағытталған жеке нұсқаулық сабақтар өткізіп әрі даму салаларын айқындауға жол ашамыз. Оқу жылы аясында біздің департамент 7 ірі мансап құруға бағытталған іс-шаралар топтамасын, біліктілікті арттыру бойынша брифингтер мен тренингтердің ауқымды бағдарламасын, сондай-ақ жұмыс берушілердің тұсаукесерлерін өткізеді.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ БІЗБЕН БІРГЕ БОЛЫҢЫЗДАР
Мансап күні
Мансап күні – бұл түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерімен бетпе-бет кездесіп, имитациялық сұхбат сеансына қатысып, өз мүмкіндігіңді сынаудың керемет тәсілі. Сессия кезінде Сіз жұмыс берушіден кері байланыс және тағылымдамаға немесе күндізгі қызметке жазылу мүмкіндігін аласыз.
Қонақ дәрістері мен семинарлар:
Қонақ дәрістері мен семинарлар Сізге түрлі компания өкілдерімен танысуға, оларға қызықтыратын сұрақтар қоюға және осы секторда пайдалы мүмкіндіктер ашуға жағдай жасайды.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі
Бос орындар жәрмеңкесі жылына бір рет кәсіпорындарды таныстыру мақсатында және студенттерді жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабардар ету үшін өткізіледі.