Құрметті білімгерлер!
ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 24.12.2020 жылғы шешіміне сәйкес, 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінде университеттегі білім беру үдерісі мынадай тәртіппен ұйымдастырылады:
- 1-курс студенттері үшін кампус базасында аралас оқыту форматында;
- 2-4 курс студенттері үшін оқыту қашықтықтан жүргізіледі;
- аралас форматта 1 – ші оқу жылының магистранттары мен докторанттары үшін;
- қашықтықтан оқыту форматында 2-ші оқу жылының магистранттары үшін.
- Кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру – кәсіпорынның тәжірибесі мен қызметінің шартына сәйкес қашықтықтан / аралас форматта.
- Білімгерлердің шетелдік академиялық ұтқырлығы мен шетелдік тағылымдамасына рұқсат етілмейді.

Осы себепті университеттің барлық студенттері мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен танысуларыңызды сұраймыз.
- Университетте және тұрғын үй-жайларда міндетті түрде бетперде кию;
- Кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау;
- Егер Сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, міндетті түрде университет деканатына хабарлаңыз, басқа адамдармен байланыс жасамаңыз және қосымша нұсқаулар алу үшін медициналық мекемеге қоңырау шалыңыз;
- Университетке кіру және шығу бір жақты қозғалыста және міндетті дезинфекциялық сүзгіден өткеннен кейін ғана жүзеге асырылады;
- Сабақ барысында тек 1 студентті жұмыс орнына орналастыруға рұқсат етіледі;
- Барлық міндетті санитарлық шараларды сақтамай, университет кампусының аумағында күндізгі бұқаралық іс-шараларға қатысуға тыйым салынады.
Covid-19, өкпе пневмониясының немесе басқа вирустық аурулардың белгілері анықталған жағдайда студенттер тек қашықтықтан оқытуды жалғастыра алады.




Previous
Next