COVID-19 жағдайына байланысты SDU кітапханасы шектеулі қызмет көрсетеді және келушілерден әлеуметтік қашықтықтық пен санитарлық шараларын сақтауын сұрайды. Сау болыңыз! Аман болыңыз!
Алдағы Жаңалықтар
Бағдарлау сессиясы
Қашықтықтан оқыту кезінде СДУ кітапханасы оқырмандардың академиялық, зерттеушілік және рекреациялық қажеттіліктеріне жауап беретін кітапхана ресурстары мен қызметтеріне қол жеткізуді мақсат етеді.
СДУ кітапханасының қолданылуын басқару мақсатында студенттер мен оқытушылар оқу жылының басталуына бір апта қалғанда кітапханашылардың бағдар беру сессиясымен танысады. Бұл тұрғыда бағдарлау сессиялары онлайн (WebEx) және бейнежазба форматында ұсынылады. Жазылған бейне YouTube арнасына жүктеледі және сілтеме ретінде таратылады.

Онлайн тренингтер
СДУ кітапханасы студенттерге және профессорлық-оқытушылар құрамына онлайн режимінде жұмыс істеуге арналған нұсқаулық ұсынады. Оқу жылы ішінде келесі онлайн-тренингтер өткізіледі:
Оқытушыларға:
Кітапханашылар онлайн форматында оқырмандарға тренингтер ұсына алады. Тақырыптың күрделілігіне байланысты тренинг 30 минут немесе 1 сағат болуы мүмкін.
- Ақпараттық сауаттылық
- Дәйексөздер
- Дәйексөздер стилі
- APA стилі, 7-ші басылым
- Плагиат
- Әдеби шолу
- Turnitin параметрлері
- Moodle параметрлері
- Кітапхана қорлары
- Дерекқорға қол жеткізу
- Репозиторий дегеніміз не?
- Зерттеу барысы
- Дереккөздерді табу мен іздеу стратегиялары
- Ресми хат жазу
Студенттерге:
Кітапханашылар онлайн форматында оқырмандарға 1 сағаттық тренинг өткізе алады.
- Ақпараттық сауаттылық
- Дәйексөздер
- Дәйексөздер стилі
- APA стилі, 7-ші басылым
- Плагиат
- Әдеби шолу
- Кітапхана қорлары
- Дерекқорға қол жеткізу
- Репозиторий дегеніміз не?
- Зерттеу барысы
- Дереккөздерді табу мен іздеу стратегиялары
- Ресми хат жазу
Онлайн оқыту туралы қосымша ақпарат SDU кітапханасының ресми сайтында жарияланады және электронды пошта арқылы жіберіледі.