Ақпараттық технологиялар департаменті – университетіміздің ақпарат және технология орталығы болып табылады. Департамент университеттің компьютерлік зертханаларын, аудиториялардағы техниканы, қашықтан оқыту және кампустағы байланыстың жұмысын қадағалап қызмет көрсетеді. Біздің міндетіміз – оқыту, білім алу, ғылым және корпоративті сервистерді басқару арқылы қауіпсіз, сенімді әрі қолжетімді қызмет көрсету болып табылады.
Негізгі қызмет сервистері төмендегі сілтемелерде қысқаша сипатталған. Кейбір сервистер веб-парақшамызда көрсетілген.
…белсенді қолданылады. Бұл техниканың дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету, ақауын жөндеуді біздің қызметкерлер атқарады.
Департамент қызметтері
FAQ
Google аккаунттағы құпиясөз
Студенттер Google аккаунттардың құпиясөзін өзгерту үшін студенттерге қызмет көрсету орталығына баруы керек. Қызметкелердің құпиясөздері тек IT департаментте өзгертіледі.
Moodle, wifi, DMS, Office 365 құпиясөздері
Қолданушы құпиясөзді мына сілтемемен өтіп өзгерте алады https://password.sdu.edu.kz
Университет порталының құпиясөзін өзгерту
1- Университет порталына кіріңіз
2- “Can’t access my account” таңдаңыз
3- Студенттік “ID Number” енгізіңіз, қызметкерлерге “аты-жөні.тегі”
4- Портал электронды поштаңызға сілтеме жібереді. Осы сілтеме арқылы өтіп құпиясөзді өзгерте аласыз.
Студенттер мен қызметкерлерге арналған Wifi
Кампуста Wi-Fi байланысының аты: SDU_WiFi (корпустың ішінде), SDU_Dorm(жатақханада). Қызметкерлер мен студенттер осы байланысқа қосылу керек. Қосылу үшін қолданушы атыңыз бен құпиясөзді енгізесіз. Студенттер ID нөмірлерін, ал қызметкерлер (аты.тегі) енгізеді.
Қолданушылар көрсетілген жүйелерге қосыла алады. Өзіңіздегі құрылығының ауқымына қарай Wi-Fi жүйесін таңдай аласыз. Бұл жүйелер тез әрі сенімді байланысты қамтамасыз етіп, 300Mbps-ке дейін қызмет көрсетеді. Қызмет Wi-Fi дың 802.11g and 802.11n стандартын, кей орындарда 802.11ac қызметін көрсетеді. Қызмет 2.4GHz and 5GHz толқындарда жұмыс жасайды.
Қолданушы корпоративтік WPA2 арқылы кіре алады. Бұл қолданушыға кедергісіз сенімді байланысты қамтамасыз етеді. Қазіргі қолданыстағы құрылғылардың көбі осы стандартқа сай жұмыс жасайды.
Android
1 – WiFi кіріңіз
2 – SDU_WiFi немесе SDU_Dorm таңдаңыз
3 – Келесі ақпаратты енгізіңіз. Connect таңдаңыз.
Android 6.0.1 және одан ерте
EAP method: PEAP
Phase-2 authentication: MSCHAPV2
CA certificate: Do not validate
Identity:
Anonymous identity:
Password: Your university password
4 – Телефоныңыз WiFi-ға қосылу үшін құпиясөз сұрайды
IOS
1- Settings ішінде Wifi таңдаңыз
2- Wifi Networks тізімінен SDU_WiFi немесе SDU_Dorm таңдаңыз
3- қолданушы аты мен құпиясөзді енгізіңіз
4- Студенттік ID нөміріңізді енгізіңіз, қызметкерлерге аты.тегі енгізеді, құпиясөзді жазыңыз, ОК басыңыз
5- Егер radius.sdu.local сертификатын сұраса, Trust басыңыз.
Енді WiFi қосылуыңыз керек.
Windows 7 / Windows 10
1. Компьютердегі жұмыс үстеліңіздің оңжақ асыңғы бұрышынан байланыс иконкасын тауып, SDU_WiFi немесе SDU_Dorm таңдаңыз да, Connect батырмасын таңдаңыз.
2. университеттік ID нөміріңізді енгізіңіз, қызметкерлер үшін аты. тегі үлгісінде, құпиясөзді енгізіп, ОК батырмасын басыңыз.
3. Байланысыңыз.
Linux
1- Компьютердегі жұмыс үстеліңіздің оң жақ, жоғары бұрышындағы Wireless иконкасын таңдаңыз, Enable Wi-Fi таңдап, Edit Connections-ке кіріңіз.
2- Network Connections арасынан Add батырмасын таңдаңыз да, Wi-Fi тізімінен Create таңдаңыз.
3- Editing Wi-Fi бөлігіне келесі ақпаратты енгізіңіз:
Connection name: SDU_WiFi or SDU_Dorm
SSID: SDU_WiFi or SDU_Dorm
Mode: Infrastructure
MTU: automatic
4- Wi-Fi Security батырмасын таңдаңыз да, келесі ақпаратты енгізіңіз:
Security: WPA & WPA2 Enterprise
Authentication: Protected EAP (PEAP)
Anonymous Identity:
CA Certificate: No CA certificate is required
PEAP version: Automatic
Inner Authentication: MSCHAPv2
Қолданушы аты: студентке, қызметкерге
Құпиясөз: құпиясөзді енгізіңіз
5- Editing SDU_WiFi жабу үшін Save басыңыз
6- Network Connections терезесін жабыңыз
7- Wireless иконкасына қайтадан басу керек болуы мүмкін, оның ішінен SDU_WiFi немесе SDU_Dorm
Қонақтар үшін Wifi
SDU_Guest байланысына қосылсаңыз университеттің ішкі байланыс жүйесінде қолданушы атыңыз бен құпиясөз енгізуді сұрайды. Қолданушы аты мен құпиясөз СДУ қонақ картасында жазылған, ол картаны IT департаменттен ала аласыз. Бұл карта 3 күнге жарамды.
Eduroam
Eduroam университеттің ішкі сымсыз байланысы. Университеттің барлық қызметкерлері мен студенттері автоматты түрде бұл жүйеге кіруге рұқсат алады. Қосылу үшін қолданушы атыңыз бен құпиясөзді енгізу керек. Жүйеге кіру қауіпсіз әрі снһенімді байланысты қамтамасыз етеді. Жүйеге кіру үшін:
- WiFi-ға қосылатын құрылғы
- Қолданушы атыңыз бен құпиясөз
IT департаментімен байланысыңыз
Қызметкерлер wifi қолданушы аты (аты.тегі үлгісімен) мен құпиясөзді енгізеді.
Құпиясөзді өзгерткіңіз келсе https://password.sdu.edu.kz
Жүйеге кіруге рұқсатты тек HR департаменті бере алады.
Университетімізде Office 365 сервисі қолжетімді, бұл дегеніміз – барлық қызметкерлеріміз барлық қызметкерлеріміз осы заманауи қызметке тегін қол жеткізе алады деген сөз. (https://office365.sdu.edu.kz)
Қызметкерлер электронды поштасы (мысалы, name.surname@sdu.edu.kz) мен құпиясөзді wifi, moodle or DMS қосылған сияқты office 365 те қолдана алады.
Студенттер электронды поштасы (мысалы, name.surname@stu.sdu.edu.kz) мен құпиясөзді wifi, moodle or DMS қосылған сияқты office 365 те қолдана алады.
IT қызметтер тек университет қызметкерлеріне көрсетіледі. Ол үшін өтінішті мына сілметеге жіберіңіз: http://helpdesk.sdu.edu.kz