Бүгін университетіміздің Ректоры лауазымына Әлімжан Игенбаев тағайындалды.
Әлімжан Бекежанұлы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін, Қырғызстан Халықаралық Университеті мен Астана Халықаралық Университетінің магистратурасын бітірді.
Осы уақытқа дейін “Білім Орда” ХҚҚ президенті, Астана Халықаралық Университеті вице-президенті, USTAZ PLC кәсіби жетілдіру орталығының директоры қызметтерін атқарған. Қазақ, ағылшын, түрік, орыс тілдерін меңгерген. Білім ісінің үздігі төс белгісінің иегері, білім саласындағы басқару ісінің маманы.
Басшымызға жаңа қызметте табыс тілейміз!
