Академилық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға келетін студенттердің оқуын ұйымдастыру саясаты:
- Алмасу бағдарламасымен келген студентті өз оқу орны тағайындайды, және серіктес оқу орны қабылдауы керек. Алмасу бағдарламасы бойынша келген әр студент өзі оқуға баратын факультет және бағдарлама талаптарына, сондай-ақ курстарға қажет пререквизиттер бойынша сәйкес білімі болуы қажет.
- Алмасу бағдарламасы бойынша оқитын студенттер саны тек серіктестердің өзара келісімі бойынша шектеледі.
- Алмасу бағдарламаларына үміткер студент келесі жалпылама критерийлерге сәйкес болуы қажет:
- Өз университетінде толыққанды студент болуы
- GPA көрсеткіші 2.75-тен жоғары
- Ағылшын тілін жетік деңгейде меңгерген (IELTS 6.0). Өз университетінде оқыту тілі ағылшын болса, халықаралық бөлімнен/факультеттен хат немесе университет әкімшілігінен хат
- Алмасу бағдарламасымен оқитын әр студент өз университетінің алмасу тәртібін сақтауы тиіс. Ол қабылдап алатын университетте оқу ақысын, өтінім жарнасын, тіркеу жарнасын төлеуден босатылады,бірақ келесі шығындарды өз қалтасынан көтеруі тиіс:
- Медициналық сақтандыру мен емделу шығындары
- Бару/келу жол шығыны
- Тұрғылықты жері мен тамағы
- Виза шығындары
- Сабаққа қажет материалдар алу
- Студенттік үйірмелерге қатысу (келісімшартта көрсетілмеген болса)
- Шетелде тұрған кезде болуы мүмкін шығындардың барлығы.
- Алмасу бағдарламасына тек күндізгі бөлім (full time) студенттері ғана қатыса алады.
- Алмасу бағдарламасына қатысушы студенттер өздерінің оқу бағдарламасын алдын-ала дайындайды, және оны Оқу туралы Келісімшартты толтырған кезде көрсетеді.
- Алмасу бағдарламасына қатысушы студенттер қабылдаушы Жоғарға оқу орны мен сол мемлекеттің барлық заңдары мен ережелеріне бағынуы тиіс.
- Қабылдаушы жоғарғы оқу орындары алмасу бағдарламасымен оқитын студенттің бағаларын/транскриптерін студентті жіберген университетке тегін әрі уақтылы жіберуі тиіс.
СДУ-ға келетін алмасу бағдарламасына қатысушы студентті серіктес университет ұсынады. Ол үшін серіктес университеттің өкілі келесі құжаттарды жіберуі керек:
– Студенттің паспортының сканерленген көшірмесі.
– Түсті фото (3х4 паспорт өлшемінде)
– Ресми транскрипттің сканерленген көшірмесі (түпнұсқасын студенттің өзі келген кезде тапсыруы керек)
– Қажет болған жағдайда жатақханадағы орынға өтініш
– Ағылшын тілін меңгеру деңгейі туралы құжат (университеттен хат, IELTS 6.0 деңгейінде сертификат)
Күзгі семестрге оқуға келу үшін өтінімді Сәуірдің соңына дейін, ал Көктемгі семестрге келу үшін Қазан айының соңына дейін толтыру керек.
Келер алдында:
СДУ Халықаралық қатынастар офисінен қабылдау туралы хатты алыңыз. Виза қажет болған жағдайда келесі құжаттарды дайындаңыз:
– Паспорттың сканерленген көшірмесі
– Үй мекен-жайы туралы анықтама – Сіз визаға құжат тапсыратын қала
Арнайы нөмірі көрсетілген Шақыру хатын алып, сол хатпен өз еліңізден визаға тапсырыс беріңіз.
Тұрғылықты жер
Екіжақты келісімде көрсетілген болса, СДУ серіктес университеттен келетін студенттерге жатақханадан орын дайындайды.
Келгеннен кейін орналастыру саясаты:
Алмасу бағдарламасымен келетін студенттердің координаторынан қажетті құжаттар тізімін алыңыз. Координаторға өзіңіз әкелген сертификаттар мен дипломдарды тапсырыңыз.
Виза бойынша координаторға келесі құжаттарды дайындап тапсырыңыз:
- Паспорттың көшірмесі;
- Көші-қон картаңызды;
- Паспорттық суреттің (3х4) 2 данасы;
- Тұрғылықты мекен жайыңызды
Университет кампусындағы компьютерлерге және Wi-Fi–ға қосылу үшін қолданушы атыңыз бен құпиясөзді координатордан алыңыз;
Студенттік билет пен Студенттік Кітапхана абонементін алу үшін төмендегі құжаттарды тапсырыңыз:
- Паспортыңыздың көшірмесі
- 3*4 өлшемдегі суретіңіз Түсіндірме сессиясына қатысыңыз (Университет күнтізбесінен қараңыз) Add/drop уақыты кезінде жаңа курстарға тіркеліп, олардан бас тарта аласыз.
Cыртқа оқуға алмасу бағдарламасымен кететін студенттерге Студенттік алмасу бағдарламалары университеттер арасындағы екіжақты келісімнің негізінде жүзеге асады. Бағдарламаның артықшылығы – өз университетіңізде оқу ақысын төлегендіктен, шетел университетінде оқу ақысын төлемейсіз. Алайда кейбір жағдайда бұл ереже қолданбайды. Халықаралық алмасу бағдарламасы студенттердің шетелдік университеттерде оқуына, өзге елдің тарихы мен мәдениетін тануына мүмкіндік береді.
Алмасу бағдарламалары студенттердік академиялық және әлеуметтік тәжірибесін кеңейтіп, СДУдың шетелдік жоғары оқу орындарымен қатынасының өсуіне мүмкіндік береді. Университетіміздің кампусында алмасу бағдарламалары бойынша оқитын шетелдік студенттердің болғаны студенттеріміздің әртарапты дамуына, халықаралық деңгейде білім алу мүмкіндінігің ашық екенін көрсетеді.
Алмасу бағдарламасымен оқуға ниетті студент келесі критерийлерге сай болуы керек:
- 2-3 курс студенті болуы;
- GPA көрсеткішінің жоғары болуы;
- 18 жастан асқан:
- Ағылшын тілін жетік меңгерген;
- Сотталмаған\әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған
Өтінім тапсыру
- Факультетке өтінім тапсыру
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тест;
- Халықаралық қатынастар офисіне өтінім;
- Қажетті құжаттарды Халықаралық қатынастар офисіне тапсыру;
- Шетелдік университеттен қабылданғаны туралы хат;
- Виза мәселелері;
- Шетелдік университетте оқуды бастай аласыз.
Келуші оқытушылар үшін
SDU ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметке қызығушылық танытқан басқа мекемелердің профессорлары мен оқытушыларымен жұмыс жасауға әрқашан дайын.
СДУ-ға келуші оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерге түрлі зерттеу, оқыту және халықаралық білім алмасу мүмкіндіктерін ұсынады.
Өтініміңізді қалдыру үшін келесі құжаттарыңызды өткізе аласыз:
- Резюмеңізді (CV)
- Ғылыми зерттеу жұмысыңыздың тақырыбы
- Зерттеу жұмысы туралы ұсыным
- Ілеспе хат
- Оқытушылар үшін ұтқырлық бағдарламасы әр факультетте жеке-жеке қарастырылады. Өтінімдерді әр факультеттің деканы мен кафедра меңгерушісі қабылдап, таңдайды.
- Келердің алдында оқытушылар тұрғылықты орын, трансфер, көлік, Қазақстандағы туристік орындар, виза, басқа да мәселелер бойынша нұсқаулықпен таныса алады.
Алмасу бағдарламасымен кететін оқытушылар үшін
СДУ өз қызметкерлері мен оқытушы-профессорларға әлем бойынша серіктес университеттерде білімін шыңдап, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге, әрі халықаралық академиялық ортада жұмыс істеуге бірқатар мүмкіндіктер ұсынады.
СДУ ұйымдастыратын халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысушы Оқытушы немесе ғылыми қызметкерлер факультет декандары мен кафедра басшыларының мақұлдауымен іріктеледі.
Erasmus+ Еуропалық Одақтың Білім, Жастар және Спортты дамыту бағдарламасы 2014 жылы іске қосылып, 2020 жылға дейін жалғасын табуда. Erasmus+ бағдарламасы Еуропалық Одақтың көмегімен жоғарғы оқу орындарының оқытушы және әкімшілік қызметкерлеріне мүмкіндіктер ұсынады. Кәсіби дайындықтан өту мүмкіндігі СДУ-да жұмыс істейтін оқытушы және оқытушы емес қызметкерлерге қолжетімді.
Бағдарламаға қызығушылығы бар қызметкерлер өтінімді тапсырған кезде қабылдаушы университеттегі жұмыс бағдарламасын мақұлдап алуы керек, ал Ұтқырлық/Алмасу туралы келісімшартқа алмасу уақыты басталмастан бұрын 3 тараптан қол қойылады: қатысушы, қабылдаушы университет және жіберуші университет. Оқытушылардың алмасу бағдарламасы бойынша қатысушы аптасына 8 сағат дәріс оқуы міндетті.
Мевлана алмасу бағдарламасы СДУ жәнеТүркиядағы серіктес университеттерінің оқытушыларына 1-6 апта аралығында өзара академиялық ұтқырлықты жүзеге асыруда қолдау көрсетеді.
Мевлана стипендиясы профессорлық-оқытушылық құрамның жол шығындарын өтеп, қатысушының профессорлық дәрежесіне байланысты1 аптадан 3 айға дейін зерттеу жұмыстары және дәріс оқуын грантпен қамтамасыз етеді.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз.
Өтінімдер туралы толық ақпаратты Халықаралық қатынастар офисінің бас маманына жолдауыңызды сұраймыз.