Оқу төлемақысы
2021-2022 оқу жылынан бастап Сулейман Демирел университетінде оқу төлемақысы ECTS жүйесімен есептеледі. Төмендегі тіркелмелерде 2022-2023 оқу жылында бакалавриат, магистратура және докторантураға түскен талапкерлерге арналған оқу төлемақысы туралы ақпарат көрсетілген.
Қазір қанша төлеуім керек?
Университетке қабылдану туралы келісімшартқа отырған кезде 1 курстың бірінші семестріне төмендегі сілтемеде көрсетілген оқу ақысы төленуі тиіс.
Келісімшартқа отырған кезде:
1. Сілтемеде көрсетілген соманы 1 курстың бірінші семестрі үшін төлеу;
2. Бакалавриат бағдарламаларына түсетін талапкерлерге 4 жылға Студенттік жарна сомасын (40 000 теңге) төлеу керек.
* Грант иегерлері Студенттік жарнаны төлеуден босатылмайды.
Кейін қанша төлеймін?
ECTS жүйесіне сәйкес жалпы білім беру пәндері (MDE) мен негізгі мамандық пәндерінің (Program) оқу ақысы әртүрлі.
Әр мамандық бойынша негізгі мамандық пәнінің бағасы әртүрлі болады.
Төмендегі сілтемеден бакалавриат бағдарламалары бойынша бағалар көрсетілген.
Әр семестр сайын студент 20-42 ECTS аралығында пәндерді таңдай алады. Оқу ақысы таңдалған пәндердің санына байланысты семестр басталмай тұрып төленуі тиіс.
Бакалавриат бағдарламасын аяқтау үшін студент 240 ECTS, Магистратура үшін 120 ECTS, Докторантура үшін 180 ECTS таңдап, оқып бітіруі тиіс.
2020-2021 оқу жылына дейін түскен білімгерлердің оқу төлемақысы
«СOVID-19» вирустық індетіне байланысты, елімізде болып жатқан ахуалды ескере отырып, Университет басшылығы 2,3,4 курс студенттері, 2 курс магистранттары мен 2,3 курс докторанттарының оқу төлем ақыларын арттырмайтынын хабарлайды.
Порталға тіркелместен бұрын, 2020 -2021 оқу жылының төлем ақысының 50 пайызын төлеу арқылы, бөліп төлеу үшін өтініштеріңізді бере аласыздар. Өтініш беру үшін:
1. Қосымшада көрсетілген үлгіні толтыру (Кепілдік міндеттеменің шарттарымен толық танысып, келешектегі жүктемелерді ескеру);
2. 2020-2021 оқу жылының төлем ақысының 50 пайызын төлеген түбіршекті тіркеу.
Жоғарыда аталған құжаттардың сканерленген нұсқасын ағымдағы жылдың 06-17 тамыз аралығында: accounting@sdu.edu.kz электрондық поштасына жіберулеріңіз кажет. Әр өтініш Университет тарапынан жеке-жеке қарастырылады.