Жаңалықтар
SDU университетінің докторанты Солтиева Айғаным Бауржанқызының диссертациясының алдын ала қорғалуы
Біз SDU университетінің 8D06102 – «Компьютерлік ғылымдар» мамандығы бойынша докторанты Солтиева Айғаным Бауржанқызының «Аутизмі бар балаларға арналған иммерсивті виртуалды шындық білім беру жүйесі» тақырыбындағы диссертациясының алдын ала қорғалуы 2025 жылғы 12 наурызда сағат 09:00-де өтетінін хабарлауға қуаныштымыз.
Өтетін орны: Митинг залы F209.
Қорғау тілі: ағылшын.
Ғылыми кеңесшілер
Ішкі ғылыми кеңесші:
Алиманова Мадина Унгаровна – PhD, SDU университетінің асоц. профессоры, Қаскелең, Қазақстан.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Уилк Оливейра – PhD, Тампере университеті, Тампере, Финляндия.
Ресми рецензенттер:
Сельчук Чанкурт – PhD, ассистент профессор SDU университеті, Қаскелең, Қазақстан.
Сұлтанова Нәзерке – PhD, SDU университетінің доценті, Қаскелең, Қазақстан.
PhD диссертациясының алдын ала қорғау туралы хабарландыру
SDU университетінің 6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша білім алып жатқан PhD докторанты Асхат Айтимовтың диссертациялық жұмысының алдын ала қорғауы өтетінін хабарлаймыз.
Диссертация тақырыбы: «Объектілерді тану алгоритмі мен әдісін талдау және құрастыру»
Бұл диссертациялық жұмыста шектеулі мәлімет жағдайында объектілерді тиімді тануға бағытталған PCA-TP атты жаңа алгоритм ұсынылған. Ұсынылған тәсіл басты компоненттерді талдау (PCA), Triplet Loss шығын функциясы және проекциялық ұқсастық өлшемін біріктіреді. Бұл зерттеу машиналық оқыту және компьютерлік көру салаларында ғылыми маңызы бар үлес болып табылады.
Докторант: Асхат Айтимов
Мамандығы: 6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Ғылыми жетекші: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Амирғалиева Салтанат
Сыртқы ғылыми кеңесші: профессор Юрий Крак (Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті)
Алдын ала қорғау күні: 2025 жылғы 21 мамыр