NEWS

– СДУ предоставляет образовательные гранты абитуриентам – 2020
Мы с радостью сообщаем, что университет имени С.Демиреля проводит уникальную олимпиаду SPT для абитуриентов 2020 года. Участники с хорошими результатами получают 100% гранты и скидки на все 4 года обучения в СДУ.

Read more…

– YEDI канадалық бизнес-акселераторы Қазақстанда
2020 жылдың 25 ақпанында Алматыда YEDI Халықаралық Start-Up бағдарламасы аясында венчурлік жәрмеңке өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушылары: YEDI – Йорк кәсіпкерлікті дамыту институты мен Сулейман Демирел атындағы университет. Іс-шараға қазақстандық және Орталық Азия елдерінің бизнес-қауымдастығы, канадалық акселератор мүшелері мен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысады деп күтілуде.
Read more…

– 20 кәсіпкер Канадада стартап жоба іске асыруға жолдама алды.
Алматыда өткен венчур жобалар жәрмеңкесінде 20 кәсіпкер Канаданың YEDI халықаралық стартап бағдарламасы бойынша қаржылай көмекке ие болды. Шараға Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Ресей және Ираннан келген кәсіпкерлер қатысты. Жәрменкені Йорк кәсіпкерлікті дамыту институты мен Қазақстандағы Сулейман Демирел атындағы университеті ұйымдастырды.
Read more…

– Үш апталық қашықтықтан оқытуға сараптамалық талдау жасалды.
Жақында СДУ әкімшілігі қашықтықтан оқыту форматына көшу бойынша тәжірибені сараптау мақсатында студенттер мен профессор оқытушылар арасында сауалнама жүргізген болатын. Зерттеу негізіне респонденттерден үйде оқыту кезінде туындайтын ресурстар мен қиындықтар бойынша ақпарат жиналды.
Read more…

– Қашықтықтан оқу жүйесі бойынша нұсқаулық береді.
Сулейман Демирел атындағы Университеті соңғы 2 жылдан бері Webex онлайн білім беру платформасын магистратура және докторантура дәріскерлеріне қашықтықттан дәріс беруде кеңінен қолданып келеді. Қазіргі елдегі жаппай карантин жағдайына байланысты білім ордасы Webex платформасына бакалавриат бағдарламасындағы білімгерлерді де толықтай қосып, қашықтықтан оқыту форматын соңғы екі апта ішінде тәжірибе жүзінде сәтті пайдалануда.
Read more…

– СДУ үш апталық қашықтан оқытуға сараптамалық талдау жасады.
СДУ әкімшілігі студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы арасында сауалнама жүргізді, оның мақсаты қашықтықтан оқыту форматына көшу бойынша тәжірибені сараптау болып табылады. Зерттеу негізін ререспонденттерден үйде оқытукезінде туындайтын ресурстар мен қиындықтар бойынша ақпарат жиналды.
Read more…

– Қашықтықтан оқу жүйесі бойынша нұсқаулық береді.
Сулейман Демирел атындағы Университеті соңғы 2 жылдан бері Webex онлайн білім беру платформасын магистратура және докторантура дәріскерлеріне қашықтықттан дәріс беруде кеңінен қолданып келеді,- деп жазады kazgazeta.kz сайты.
Read more…

– Как жить после карантина: советы казахстанцам от выпускника Гарварда.
Ректор университета имени Сулеймана Демиреля, доктор общественного здравоохранения Куаныш Ергалиев рассказал, на какие аспекты нужно обратить пристальное внимание после завершения карантина.
Read more…

– В Казахстане будут готовить бизнесменов для рынка Северной Америки.
Международный бизнес акселератор Йоркского Института Развития Предпринимательства YEDI впервые запустил на рынке Казахстана интенсивный курс по подготовке предпринимателей на рынок Северной Америки.

Read more…

– YEDI, top ranked university business accelerator from Canada, held intensive business course in Almaty.
On February 17-25 Almaty hosted an intensive international business course from York Entrepreneurship Development Institute (YEDI), which is the top ranked university business accelerator in the world. The course is designed to give a comprehensive introduction to the Canadian business landscape to help entrepreneurs enter the North American market.

Read more…

– Тұңғыш рет стартап жобалардың венчурлық жәрмеңкесі өтті.
Алматыда тұңғыш рет YEDI Йорк кәсіпкерлікті дамыту институтының жетекші бизнес-тренерлері кәсіпкерліктің тетіктері жайлы кеңестерімен бөлісті. Қазақстанда YEDI халықаралық стартап бағдарламасының іске қосылуы Сулейман Демирел атындағы университеттің канадалық бизнес акселератормен стратегиялық серіктестігінің нәтижесінде тұңғыш рет жүзеге асырылып отыр.

Read more…

– Алматыда тұңғыш рет стартап жобалардың венчурлық жәрмеңкесі өтті.
Бизнесті Солтүстік Америка нарығына қалай шығаруға болады? Кәсіпкерліктің тетіктерін қалай оңтайлы пайдалануға болады? Бұл туралы және заманауи нарықтың басқа да көптеген өзекті үрдістері туралы Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің кәсіпкерлеріне YEDI Йорк кәсіпкерлікті дамыту институтының жетекші бизнес-тренерлері айтып берді. Қазақстанда YEDI халықаралық стартап бағдарламасының іске қосылуы Сулейман Демирел атындағы университеттің канадалық бизнес акселератормен стратегиялық серіктестігінің нәтижесінде тұңғыш рет жүзеге асырылып отыр.

Read more…

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: