Tagzym Nauryz

SSBL мектебінде студенттердің ғылыми бастамаларын қолдайтын жаңа қауымдастық ашылды

SSBL мектебінде студенттердің ғылыми бастамаларын қолдайтын жаңа қауымдастық ашылды SDU University Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық мектебінде (SSBL) SSBL Students Research Community студенттік ғылыми қауымдастығы ресми түрде жұмысын бастады. Жаңа қауымдастық студенттердің ғылымға қызығушылығын арттырып, зерттеу жүргізуге алғашқы қадам жасауына қолдау көрсетуді көздейді. Бұл ортада қатысушылар өз идеяларын ұсынуға, зерттеу жобаларына атсалысуға, ғылыми мәселелерді талқылауға, …

SSBL мектебінде студенттердің ғылыми бастамаларын қолдайтын жаңа қауымдастық ашылды Read More »

Адвокат мамандығының қыр-сыры: Жанна Уразбаховамен кездесу

Адвокат мамандығының қыр-сыры: Жанна Уразбаховамен кездесу SDU Университетінде «Қазіргі замандағы адвокаттық қызмет» тақырыбында қонақ дәріс өтті. Кездесудің спикері қылмыстық істер жөніндегі адвокат Жанна Уразбахова болды. Дәріс барысында спикер адвокат мамандығының бүгінгі ерекшеліктері, азаматтардың құқықтарын қорғау және заңгердің кәсіби жауапкершілігі туралы әңгімеледі. Сондай-ақ қылмыстық істермен жұмыс істеудегі тәжірибесімен бөлісіп, болашақ мамандарға қажетті білім мен дағдыларға тоқталды. …

Адвокат мамандығының қыр-сыры: Жанна Уразбаховамен кездесу Read More »

SDU University мен ICESCO ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады

SDU University мен ICESCO ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады 7 қарашада SDU University-ге Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ICESCO) бас директоры Dr. Salim M. AlMalik бастаған делегация келді. Делегация құрамында ICESCO-ның ғылым және қоршаған орта секторының басшысы Куаныш Ергалиев те болды. SDU University ректоры Арман Жумажанов және университет басшылығының өкілдерімен өткен кездесуде тараптар академиялық …

SDU University мен ICESCO ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады Read More »

SDU University Profit Education Day 2026 іс-шарасына қатысты

SDU University Profit Education Day 2026 іс-шарасына қатысты SDU University өкілдері білім беру саласының өзекті үрдістері мен даму перспективаларына арналған Profit Education Day 2026 іс-шарасына қатысты. Университет делегациясының құрамында стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор Андрей Богданчиков, Цифрландыру орталығының директоры Ибрагим Тунжер және орталықтың бас маманы Арайлым Мардемханова болды. Іс-шара аясында Андрей Богданчиков панельдік сессияда …

SDU University Profit Education Day 2026 іс-шарасына қатысты Read More »

SDU University-де Open Day 2026 өтті

SDU University-де Open Day 2026 өтті SDU University-де болашақ талапкерлер мен олардың ата-аналарына арналған Open Day 2026 – Ашық есік күні өтті. Іс-шараға 927 адам тіркеліп, университетке 450-ден астам оқушы мен ата-ана келді. Қонақтар SDU University-дің білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау талаптары, ағылшын тілін меңгеру мүмкіндіктері және студенттік өмірімен танысты. Университет өкілдері талапкерлерге мамандық таңдау, …

SDU University-де Open Day 2026 өтті Read More »

SDU University QS Asia 2027 рейтингінде Азияның үздік университеттері қатарына енді

SDU University QS Asia 2027 рейтингінде Азияның үздік университеттері қатарына енді SDU University QS World University Rankings: Asia 2027 рейтингісінің нәтижелері бойынша Азияның үздік университеттері қатарына енді. QS Quacquarelli Symonds халықаралық сараптамалық ұйымының деректеріне сәйкес, университет Азия бойынша 691-орынды бөлісті (#=691). Сонымен қатар, Қазақстан жоғары оқу орындары арасында 25-орынға, ал Орталық Азия университеттері арасында 44-орынға …

SDU University QS Asia 2027 рейтингінде Азияның үздік университеттері қатарына енді Read More »

SDU University FAIO 2026 халықаралық олимпиадасының жеңімпаздарына төрт жылдық білім гранттарын ұсынады

SDU University FAIO 2026 халықаралық олимпиадасының жеңімпаздарына төрт жылдық білім гранттарын ұсынады SDU University дарынды жастарды қолдау және олардың сапалы жоғары білім алуына мүмкіндік жасау мақсатында FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздарына бакалавриат бағдарламалары бойынша төрт жылдық білім гранттарын ұсынады. Университеттің 30 жылдық мерейтойына орай білім алуға ұмтылған талантты жастарға арналған 30 грант пен …

SDU University FAIO 2026 халықаралық олимпиадасының жеңімпаздарына төрт жылдық білім гранттарын ұсынады Read More »

SDU University ғалымдары гранттық қаржыландыру конкурстарының жеңімпаздары атанды

SDU University ғалымдары гранттық қаржыландыру конкурстарының жеңімпаздары атанды SDU University-дің бес зерттеушісі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2026–2028 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурстарында жеңіске жетті. «Жас ғалым» жобасы бойынша грант иегерлері: – Бинара Иманкулова;– Еркін Шаймерденов;– Ғазиза Отарбаева;– Қанат Байкенов. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсының …

SDU University ғалымдары гранттық қаржыландыру конкурстарының жеңімпаздары атанды Read More »

SDU Extension Center × Teach for Qazaqstan: білім берудегі мүмкіндіктер

SDU Extension Center және Teach for Qazaqstan: білім берудегі мүмкіндіктер SDU University Extension Center мен Teach For Qazaqstan бірлесіп, білім беру саласындағы кәсіби мүмкіндіктерге арналған ақпараттық сессия өткізді. Қатысушылар педагогикалық қайта даярлау бағдарламасымен, Teach For Qazaqstan жобасымен, ауыл мектептеріндегі жұмыс тәжірибесімен және кәсіби даму жолдарымен танысты. Спикерлер: Meruyert Bizhanova — University of Oxford докторанты; Balausa …

SDU Extension Center × Teach for Qazaqstan: білім берудегі мүмкіндіктер Read More »

«Білім берудегі жасанды интеллект» курсы сәтті аяқталды

«Білім берудегі жасанды интеллект» курсы сәтті аяқталды SDU Extension Center ұйымдастырған «Білім берудегі жасанды интеллект: оқытуда ЖИ құралдарын практикалық қолдану» атты 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды. Курсқа 101 педагог қатысты. Олардың 84-і оқу бағдарламасын сәтті аяқтап, сертификат алды. Бағдарлама педагогтердің жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде тиімді әрі практикалық қолдану дағдыларын дамытуға бағытталды. …

«Білім берудегі жасанды интеллект» курсы сәтті аяқталды Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content