Жумажанов Арман Алибекович
Ректор
Бүгінгі таңда Қазақстанда жаңа формацияның мамандары бұрынғыдан да сұранысқа ие болғандықтан, уақытттың қарқынды дамуына байланысты, менеджерлер болып жатқан өзгерістерге тез және икемді жауап беруі қажет. Білім беру саласындағы әлемдік тәжірибе университеттің экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық өмірінде болу қажеттілігін көрсетеді. SDU University – ағылшын тілінде оқытылатын алғашқы жоғарғы оқу орындарының бірі. Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларында 9051 астам жастар білім алуда. Болашақта бұл жастар біздің қоғамға инновациялар енгізумен айналысады. Біз 27 жылдан астам уақыт бойы IT және инженерия, педагогика, құқық және әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында сұранысқа ие мамандарды даярлап келеміз және халықаралық әріптестермен, академиялық институттармен және бизнеспен ынтымақтастықта даму перспективаларын көріп келеміз.
Бұдан былай, индустрия қатысушылары, кадрлар даярлайтын кәсіпорындар иелері және басшыларымен кері байланыс SDU University мекемесінің қарқынды дамуының маңызды элементі болып табылады.
БІЛІМІ
- 2002-2006 жж. – Selcuk University – экономика бакалавры;
- 2007-2008 жж. – Colorado State University-Pueblo – іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA);
- 2017-2018 жж. – Nazarbayev University – мемлекеттік басқару магистрі (MPA);
- 2022-2026 жж. – Indiana University Bloomington – жоғары білім беруді басқару саласындағы білім докторы (Ed.D.).
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
- 2007-2008 жж. – Colorado State University-Pueblo – ассистент (Graduate Assistant);
- 2010-2026 жж. – Nazarbayev University – стратегия және талдау менеджері, стратегия және үйлестіру департаменті директорының міндетін атқарушы, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, аппарат басшысы (Президент кеңсесі);
- 2023 ж. – Lilly Family School of Philanthropy, Indiana University – деректер талдаушысы;
- 2023-2025 жж. – American Council on Education (ACE) – жобалар үйлестірушісі;
- 2024 ж. - қазіргі уақытқа дейін – The Review of Higher Education журналы – шығарушы редактор;
- 2025 ж. – O’Neill School of Public and Environmental Affairs, Indiana University – оқытушы ассистенті;
- 2026 ж. - қазіргі уақытқа дейін – SDU University – ректор.