Менеджмент
Нұргабдешов Асылбек Рымбекұлы – PhD докторы, «SDU University» қауымдастырылған профессоры, Диссертациялық Кеңестің төрағасы.
Жарияланымдар: 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы: оның ішінде 5 мақаласы Web of Science және Scopus деректер базаларының Q1 квартиліне кіретін жетекші халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған.
Зерттеу бағыттары: Стратегиялық менеджмент, халықаралық бизнес, стратегиялық адам ресурстарын басқару, ұйымдық тиімділік пен қызметкерлер өнімділігі, жоғары білім беру стратегиясы мен трансформациясы, цифрлық трансформация (әсіресе мемлекеттік және білім беру секторында), академиялық көшбасшылық, білім беру жүйесін реформалау, Орталық Азия және Қазақстан контексіндегі институционалдық даму.

Санат Қожахмет – PhD докторы, FHEA, «SDU University» қауымдастырылған профессоры, Диссертациялық Кеңестің төрағасының орынбасары.
Oxford Brookes University (Ұлыбритания) жоғары бизнес мектебінің аға оқытушысы, адам ресурстарын басқару және жоғары білім беру саласындағы зерттеуші ғалым.
Жарияланымдары: халықаралық рецензияланатын ғылыми басылымдарда жарияланған 15-тен астам ғылыми мақаланың авторы. жоғары білім беру саласында халықаралық тәжірибесі бар маман.
Зерттеу бағыты: адам ресурстарын басқару, білім және тәжірибе алмасу, білімді басқару, жоғары білім беру ұйымдарындағы HRM, оқытушылардың әл-ауқаты, зерттеу өнімділігі, ұйымдастырушылық мінез-құлық, стратегиялық икемділік және дамушы нарықтар жағдайындағы басқару мәселелері.

Мумтаз Али Мемoн – PhD докторы, «SDU University» қауымдастырылған профессоры, Диссертациялық кеңестің мүшесі.
Жарияланымдары: SCOPUS деректер базасында индекстелген халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған 80-нен астам ғылыми мақаланың, 2 кітаптың, 3 кітап тарауының және 2 кейс-зерттеудің авторы. Әлемдегі үздік 2% ғалымдардың Stanford–Elsevier рейтингіне енген. International Journal of Manpower журналының қауымдастырылған редакторы және Journal of Applied Structural Equation Modeling журналының басқарушы редакторы.
Зерттеу бағыттары: менеджмент, адам ресурстарын басқару, ұйымдық мінез-құлық, цифрлық көшбасшылық, цифрлық трансформация, еңбек нарығын зерттеу, озық сандық әдістер және әлеуметтік ғылымдардағы құрылымдық теңдеулер моделін қолдану.

Мадина Кенжеғара – PhD докторы, «SDU University» ассистент-профессоры, Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы.
Жарияланымдары: 25-тен астам ғылыми мақала (оның ішінде SCOPUS деректер базасына кіретін халықаралық журналдарда жарияланғандар), 3 оқулық, 2 кітап тарауы және 1 кейс-зерттеу. FIIB Business Review журналының рецензенті, Нью-Дели, Үндістан (Sage баспасы) 2024 жылдың жазынан бастап қазіргі уақытқа дейін.
Зерттеу бағыттары: кәсіпкерлік, инклюзивті бизнес, мүгедектігі бар адамдардың кәсіпкерлігі, әйелдер кәсіпкерлігі. Қосымша тәжірибе: Жоғары білім беру бағдарламаларын басқаруда кең тәжірибеге ие.
Арепова Гаухар
“Математика” ДК ғылым хатшысы
gaukhar.arepova@sdu.edu.