МЕКТЕП ЖАЙЛЫ
Бүгінде SDU University-дің Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық мектебі – еліміздегі ғылыми және білім беру саласындағы беделді, халықаралық деңгейде мойындалған жетекші бизнес мектептердің бірі.
Біз бакалавриат, магистратура және докторантура (PhD) бағдарламаларын ұсынамыз және олардың оқыту мазмұнын уақыт талабына сай үнемі жаңартып отырамыз. Біздің бағдарламаларымыз бойынша студенттердің ACCA, CIMA және CIM сияқты халықаралық кәсіби сертификаттарды алуға мүмкіндігі бар.
Барлық бағдарлама ағылшын тілінде оқытылатынын ескерсек, академиялық ұтқырлық бағдарламасының арқасында студенттердің біз тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін әлемнің жетекші серіктес университеттерінде халықаралық білім алуға бірегей мүмкіндігі бар.
Негізгі біліммен қатар, біз студенттердің ой-өрісін кеңейтуге және шығармашылық тұрғыдан икемді шешімдер қабылдауды үйретуге ерекше мән береміз. Яғни, оларды өмір бойы жаңа идеялар мен дағдыларды іздеуге, теорияны практикамен ұштастыра отырып, кәсіби жолында табысты болуға бағыттаймыз. Түлектеріміздің отандық және халықаралық компанияларда жоғары сұранысқа ие екендігін біз әрдайым мақтанышпен айтамыз.
МАҚСАТ
Біз бар күшімізді студенттердің дамуына бағыттауға тиіспіз деп сенеміз. Студенттеріміздің уақыты мен күш-жігерін дұрыс бағытта қолданып, тоқтаусыз дамуына ат салысуға тырысамыз. Танымал кәсіпкерлер, көшбасшылар мен көрнекті қызметкерлер бізді өңірдегі ең үздік бизнес мектептердің бірі болуға ынталандырады.
ҚҰНДЫЛЫҚ
Біздің басты құндылығымыз – адам капиталы. Қызметкерлеріміз – оқу және достық орта құруға, адал еңбек етуге ұмтылған әлеуеті жоғары еңбекқор мамандар. Студенттер мен түлектер болып жігерлі, көрнекті, өнімді, шығармашыл және ауызбіршілігі бар команда құруға қадам жасаймыз.
СТРАТЕГИЯ
Мектептің стратегиясы халықаралықтандыру, инновация және кәсіпкерліктің маңыздылығына басымдық беретін университеттің жалпы стратегиясына сай құрылған. Біз халықаралық сертификаттар мен жоғары білімнің бірлескен бағдарламаларымен жұмыс істеуді көздейміз. Бұл кезекте негізгі бағытымыз – инновация мен кәсіпкерлікте сапалы білім беру. Студенттеріміздің инновациялық және кәсіпкерлік ойлауын қалыптастыруға, компьютерлік сауаттылығын арттыруға, оларға нақты салаға заманауи шолу жасауға және бизнес-әлеует құруға көмектесуге тырысамыз.
Зертханалар
SDU университетінің “Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық” факультетінде “Қолданбалы психология” білім беру бағдарламасы аясында маңызды оқиға — “Қолданбалы психология” зертханасының ресми ашылуы.
Зертхана полимодальді терапия бағыттарына арналған заманауи құралдармен жабдықталған. Оның ішінде: арт-терапия, экзистенциялық терапия, тән терапиясы, отбасылық терапия, ойын терапиясы және когнитивті-мінез-құлықтық терапия бағыттарына арналған материалдар бар.
Сонымен қатар, зертхана нейропсихология, психодиагностика, жас ерекшелік психологиясы, деректерді талдау мен интерпретациялау, мәдени психология пәндері бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алайда зертхананың ең басты құндылығы – құрал-жабдықтар ғана емес, оны жандандыратын адамдар. Ашылу салтанатына психологияның академиялық және практикалық салаларында еңбек етіп жүрген тәжірибелі профессорлар, оқытушылар мен практик-мамандар қатысып, қолдау білдірді.
Бұл зертхана – болашақ психологтардың кәсіби қалыптасуына арналған жаңа кеңістік, теория мен практиканы біріктіретін маңызды алаң.
Заң клиникасы – университеттің құқық факультет студенттеріне арналған оқу тәжірбиесі. Студенттер нақты құқықтық мәселелерді шеше отырып, талдау арқылы конституция, заң демеуіне мұқтаж жандарға құқықтық кеңестер мен заңгерлік көмек беру арқылы, теориялық ілімді тәжірбиемен үйлестіреді. Мақсаты: Студенттердің кәсіби дағдыларандыру; Қоғамға әлуметтік мәселелердің заңды шешімін көрсету; Болашақ мамандарды нақты кәсіби сынақтарға дайындау.
Сот залы – студенттердің заңгерлік және құқықтық дағдыларын дамыту мақсаты үшін арналған оқу алаңы. Сот процесін нақты қайталанған зал – студенттерге сот этикасымен қоса, нақты тәжірбиемен соттың құрылымы мен тәртібін үйретеді. Сот залында студенттер құқықтық құжаттарды рәсімдеуді, дәлелдерді жинауды, сұрақтар қоюды және сот процесін басқаруды үйренеді.
Media Lab – Заманауи медиа технологияларды меңгеруге арналған арнайы шығармашылық алаңы. Лаборатория студенттерге видео, аудио, графика және анимация сияқты мультимедиялық жобаларды жасауға және меңгеруге жол ашады. Сонымен қатар, мультимедиа-лаборатория студенттердің шығармашылық ойлау, командалық жұмыс және жобаларды басқару дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, бұл оларды болашақ кәсіби өмірге тиімді дайындайды.