"IT LAW" ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Орталық туралы

«IT Law» зерттеу орталығы — ақпараттық құқық, киберқұқық, дербес деректерді қорғау, құпиялылық, цифрлық құқықтар, жасанды интеллектіні құқықтық реттеу, киберқауіпсіздік, электрондық коммерция, зияткерлік меншік және Интернетті басқару салаларындағы заманауи құқықтық мәселелерді зерттеуге және талдауға бағытталған академиялық, ғылыми және сараптамалық платформа.

Орталықтың негізгі мақсаты — ғылыми зерттеулерді, білім беруді, кәсіби практиканы және стратегиялық әріптестікті интеграциялау арқылы Қазақстанда IT Law және Digital Rights бағыттарының дамуына үлес қосу.

Орталық университеттермен, мемлекеттік органдармен, технологиялық және IT-компаниялармен, заңгерлер қауымдастығымен, киберқауіпсіздік саласындағы ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты дамытады.

Орталық Digital Rights Center Qazaqstan, Cyber School және басқа да ұлттық және халықаралық әріптестермен бірлескен білім беру, ғылыми-зерттеу және сараптамалық жобаларды жүзеге асырады.

Мақсат пен міндеттер

1) Құқық саласындағы ғылыми-зерттеу базасын дамыту
2) Білім беру және кәсіби даму экожүйесін қалыптастыру
3) Студенттердің практикалық және кәсіби дағдыларын дамыту
4) Стратегиялық әріптестікті дамыту

Команда

Есиркепова Мадина

Ғылыми орталық директоры

PhD, қауымдастырылған профессор, Ғылым жөніндегі декан орынбасары, Австрия Ғылым академиясының халықаралық зерттеушісі

Ол құқықтану саласындағы PhD, SDU University қауымдастырылған профессоры және School of Social Sciences, Business and Law Ғылым жөніндегі декан орынбасары. Сонымен қатар Австрия Ғылым академиясының халықаралық зерттеушісі.

Оның ғылыми және академиялық қызметі халықаралық еңбек құқығын, адам құқықтарын, гендерлік теңдік пен кемсітпеушілікті, гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы құқықтық тетіктерді, цифрлық құқықты және технологияларды құқықтық реттеуді, сондай-ақ заңнамалық реформалар мен policy development мәселелерін қамтиды.

Мадина Есиркепова Digital Law (цифрлық құқық) пәнін оқытады және цифрлық технологияларды құқықтық реттеу, дербес деректерді қорғау, цифрлық құқықтар, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізеді.

Ол Австрия, АҚШ, Германия және Португалиядағы халықаралық зерттеу, академиялық ұтқырлық және тағылымдамалар бағдарламаларына қатысқан. 2022–2023 жылдары Michigan State University-де «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, 2025–2026 жылдары University of Graz-та Австрия Ғылым академиясының гранты аясында Visiting Researcher қызметін атқарды.

Оның ғылыми портфолиосында 50-ден астам ғылыми жарияланым, Scopus базасына кіретін журналдардағы мақалалар және монографиялар бар. Ол халықаралық еңбек стандарттары, адам құқықтары, гендерлік теңдік, кемсітпеушілік және цифрлық құқық пен жаңа технологияларды құқықтық реттеу салаларында ғылыми-зерттеу және сараптамалық жұмыстар жүргізеді.

Мадина Есиркепова Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге бағытталған сараптамалық жұмыстарға, оның ішінде гендерлік теңдік, антидискриминациялық заңнама, халықаралық адам құқықтары стандарттары және цифрлық құқықтарды қорғау мәселелеріне қатысады.

ORCID: 0000-0003-1011-9171

Мағауия Абай

Ғылыми қызметкер

Технопарк директоры және GRATA International құрамындағы GRATA Labs директоры

Интеллектуалдық меншік, IT-құқық және азаматтық құқық саласында тәжірибесі бар “IT & Law” ғылыми орталығының директоры. Сондай-ақ SDU University-де аға оқытушы және GRATA International-дағы Integration Center-дің тең-директоры.

Женевадағы WIPO-да, Ұлыбритания, Эстония, Чехия және Польшада оқудан өтіп, ғылыми зерттеулер жүргізген. Абай құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінде IT-құқық бойынша магистратура және ғылыми орталықтың негізін қалаған. Ол AIFC-де тәуелсіз сарапшы ретінде қызмет атқарып, осы салада заңнамаларды жақсартуға қатысып, университеттерге IT құқық бағытында даму мәселелері бойынша кеңес береді.

Ол American Councils және SDU университетінен зерттеулер жүргізуге арналған гранттардың жеңімпазы болып табылады. 

Жансая Тансыкбаева

Ғылыми ассистент

Заңгер және IT Law пәнінің оқытушысы

Кәсіби және ғылыми қызығушылықтары зияткерлік меншік, авторлық құқық және заманауи технологиялардың құқықтық аспектілерін қамтиды.

Ол 2023 жылы SDU бакалавриатын, 2026 жылы магистратураны аяқтады. Қазіргі уақытта жеке компанияда заңгер болып жұмыс істейді және IT Law пәнінен сабақ береді.

Магистрлік диссертациясы авторлық құқық мәселелеріне арналған. Осы бағытта ғылыми мақала әзірлеп жүр. Сондай-ақ NFT пен авторлық құқықтың құқықтық аспектілері туралы мақаланың авторы.

2022 жылы BETA Career бағдарламасы аясында GRATA International компаниясында тағылымдамадан өтті және зияткерлік меншікке қатысты жобаға қатысты. Университетте білім алған кезде IT Law Center мүшесі болды.

Жақсылық Айша

Ғылыми ассистент

IT құқық, зияткерлік меншік және салыстырмалы құқықтану салаларына қызығушылық танытатын заңгер зерттеуші 

Қазіргі уақытта SDU University 2 курс магистранты. Ол «Galamat-Systems» ЖШС IT компаниясында заңгер ретінде қызмет атқарып, технологиялық сектордағы корпоративтік және құқықтық үдерістер бойынша тәжірибе жинақтаған. Магистратурадағы негізгі зерттеу бағыты жасанды интеллект пен авторлық құқық мәселелерін реттеуге арналған.

KAZGUU University бакалавриатында білім алу кезінде «Business and Law» және «German Law» қосымша бағдарламаларын сәтті аяқтаған. Коммерциялық құқық пен Еуропа құқық жүйелерін салыстырмалы талдау саласында терең білім қалыптастырған.

Ол дәстүрлі жеке құқық институттарын заманауи цифрлық технологиялармен байланыстырып, IT және құқық саласындағы ғылыми жобаларға белсенді қатысып келеді.

Іс-шаралар

«IT Law Forum» — ақпараттық құқық, киберқұқық, киберқауіпсіздік, дербес деректерді қорғау, құпиялылық, жасанды интеллектіні құқықтық реттеу және цифрлық құқықтардың өзекті мәселелеріне арналған жыл сайынғы флагмандық іс-шара.

Форум ғалымдарды, заңгерлерді, мемлекеттік органдардың өкілдерін, IT-компанияларды, азаматтық қоғамды және халықаралық ұйымдарды біріктіріп, білім мен практикалық тәжірибе алмасуға арналған алаң қалыптастырады.

2026–2027 оқу жылында 6-шы IT Law Forum өткізу жоспарлануда.

Форумның негізгі тақырыптық бағыттары:

  1. Жасанды интеллектіні құқықтық реттеу;
  2. Киберқұқық және киберқауіпсіздік;
  3. Дербес деректерді қорғау және Privacy;
  4. Цифрлық құқықтар;
  5. Интернетті басқару (Internet Governance);
  6. Цифрлық платформалар және электрондық коммерция;
  7. IT құқығы және зияткерлік меншік.

Privacy Legathon 2026 — студенттердің дербес деректерді қорғау, құпиялылық және цифрлық құқықтар саласындағы практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық іс-шара.
Іс-шараны Digital Rights Center Qazaqstan және басқа да әріптестермен бірлесіп өткізу жоспарлануда.

Qazaqstan Internet Governance Forum (IGF) — Интернетті басқару, цифрлық трансформация, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және цифрлық құқықтар мәселелерін талқылауға арналған көптарапты платформа.
IT Law Center форумға бірлескен ұйымдастырушы және/немесе академиялық әріптес ретінде қатысады.

Cyber Law Winter & Summer School — студенттерге, магистранттарға, жас ғалымдарға және заң саласының мамандарына арналған IT Law, Cyber Law, Privacy, Data Protection және Cybersecurity бағыттары бойынша қарқынды білім беру бағдарламалары.

Guest Lectures & Expert Talks — IT Law, Cyber Law, Artificial Intelligence, Privacy, Data Protection және Cybersecurity салаларындағы жетекші ғалымдар, практик заңгерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері және IT сарапшылары қатысатын ашық дәрістер мен сараптамалық кездесулер сериясы.

IT Law Internship Programme — магистранттардың IT Law және сабақтас бағыттар бойынша мемлекеттік органдарда, заң фирмаларында, IT-компанияларда және цифрлық құқықтар саласында жұмыс істейтін ұйымдарда тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін ұйымдастыру бағдарламасы.

Young Scholars Programme — IT Law, Cyber Law, Digital Rights және AI Governance салаларында жұмыс істейтін жас ғалымдарды Орталықтың ғылыми жобаларына тарту және олардың зерттеушілік әлеуетін дамыту бағдарламасы.

Digital Rights Rating — Digital Rights Center Qazaqstan ұйымымен бірлесіп цифрлық құқықтарды, дербес деректерді, құпиялылықты, ашықтықты және киберқауіпсіздікті қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және сараптамалық жұмыстарға қатысу.

Кәсіби оқытуға арналған Minor бағдарламалары — IT Law, Cyber Law және Digital Rights бағыттары бойынша қысқа мерзімді білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.

Жоспар

Жоспарланған іс-шара Мерзімі
Privacy Legathon 2026 іс-шарасына қатысу немесе оны бірлесіп ұйымдастыру
2026 жыл
Qazaqstan IGF іс-шарасына бірлескен ұйымдастырушы немесе академиялық әріптес ретінде қатысу
2026 жыл
Digital Rights Center Qazaqstan ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандум жасау
2026–2027 жылдар
IT Law, Cyber Law және Digital Rights бойынша қосымша және қысқамерзімді білім беру бағдарламаларын әзірлеу
2026–2027 жылдар
Guest Lectures және Expert Talks сериясын өткізу
Жыл бойы
Магистранттарға арналған IT Law Internship Programme іске асыру
Жыл бойы
Young Scholars Programme іске қосу
Жыл бойы
Digital Rights Rating бойынша ғылыми және сараптамалық жұмысқа қатысу
Жыл бойы
Қызметкерлерге Cybersecurity және Digital Law бойынша оқыту өткізу
Жыл бойы
IT Law және Digital Rights бойынша ғылыми мақалалар жариялау
Жыл бойы
Ұлттық және халықаралық жобаларға гранттық өтінімдер дайындау
Жыл бойы
IT Law, Cyber Law және Digital Rights бойынша конференциялар мен дөңгелек үстелдерге қатысу
Жыл бойы
Cyber Law Winter School өткізу
Қысқы кезең
Cyber Law Summer School өткізу
Жазғы кезең
VI IT Law Forum ұйымдастыру
2027 жыл

Байланыс

 “IT Law” зерттеу орталығы 

Директор
Есиркепова Мадина 
Email: madina.yessirkepova@sdu.edu.kz 

Қазақстан Республикасы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 1/1

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: