- Қош келдіңіз
- Факультет жайлы
- Деканның ресми жолдауы
- Бағдарламалар
- Бакалавриат
- Химия
- Химия – Биология
- Физика
- Информатика
- Математика
- Аударма ісі
- Екі шет тілі
- Қолданбалы филология
- Педагогика және психология
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- Әлеуметтік педагогика
- Қазақ тілі және әдебиеті
- Тарих
- Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP)
- Магистратура
- Докторантура
- Бакалавриат
- Конференция
- Кері байланыс
STEM LEADERSHIP
Minor
Барлық бағдарламалар білімгерлері үшін
Факультет
Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті
ECTS
25
Оқыту тілі
Ағылшын
STEM көшбасшылығы” minor бағдарламасының мақсаты – болашақ педагогтарды мектеп жағдайында тиімді STEM көшбасшы болу үшін қажетті біліммен, дағдылармен және құзыреттермен қамтамасыз ету. Бағдарлама мұғалімдердің STEM бағыттарын біріктіріп оқытуға, STEM пәні мұғалімдері арасында ынтымақтастықты дамытуға және білім беру саласындағы инновациялық бастамаларға жетекшілік етуге бағытталған. Бұл бағдарлама студенттерді ғылым (science), технология (technology), инженерия (engineering) және математика (mathematics) салаларын біріктіру арқылы STEM білімін жетілдіруге және мектептер мен өндіріс, қоғам арасындағы байланысты нығайтуға дайындайды.
Бағдарлама соңында студенттер өз оқыту орындарында STEM білім беру саласында көшбасшылық және тәлімгерлік рөлдерді атқаруға дайын болады. Олар STEM мұғалімдері арасында тиімді қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ пәнаралық жобаларды ұйымдастыру қабілетіне ие болады. Сонымен қатар, түлектер инновациялық оқытуды қолдау үшін қажетті ресурстарды ұсынуға дайын болады. Олар кәсіби желілер құрып, мұғалімдермен бірлесіп тәжірибе алмасу қауымдастықтарына белсенді қатысады. Ең бастысы, STEM мұғалімдер, мектептер мен өндіріс серіктестері арасындағы байланысты нығайтуға және білім беру мен өндіріс салалары арасындағы ынтымақтастықты арттыруға үлес қосады.
- EDU 411 — STEM білім беру және біріктіру
- EDU 412 — Робототехника және бағдарламалау
- EDU 413 — Электроника және механика
- EDU 421-Ракеталар мен Дрондарды құрастыру
- EDU 415 — FABLAB/Makerspace
- GPA (орташа балл) кемінде 2.5 болуы керек
- Бастауыш білім, жаратылыстану ғылымдары, математика және информатика мамандықтары бойынша білім алып жатқан педагогикалық бағыттағы студенттер қатыса алады.