Учебно-методический центр
Біз туралы
Мақсатымыз: Оқу-әдістемелік орталықтың басты мақсаты – білім беру сапасын жүйелі түрде арттыру, оқу үдерісін заманауи талаптарға сай жетілдіру және озық педагогикалық тәжірибелерді кеңінен енгізу арқылы бәсекеге қабілетті, кәсіби білікті, шығармашыл ойлайтын және заманауи қоғам талаптарына бейімделген мамандарды даярлау. Біз білім беру мазмұнын жаңғыртуға, оқыту әдістерін тиімді үйлестіруге және білім алушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға ұмтыламыз. Құндылығымыз: Орталық қызметінің негізін кәсібилік пен жоғары жауапкершілік, сапаға деген тұрақты ұмтылыс, инновация мен үздіксіз ізденіс құрайды. Біз ашықтық пен сенімділікті, өзара құрмет пен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Әрбір бастамада шығармашылық пен жаңашылдықты қолдай отырып, білім беру кеңістігінде тұрақты даму мен жетілдіруді басты қағида ретінде ұстанамыз. Біздің құндылықтарымыз – сапалы білім, нәтижеге бағытталған жұмыс, тұлғалық өсу және қоғам игілігіне қызмет ету.
Қызметіміз
Оқу-әдістемелік орталық университетте оқытылатын барлық пәндер мен курстардың мазмұны мен сапасын жақсартуға көңіл бөледі. Орталықтың мақсаты – барлық факультеттердегі оқу процесстерін, куррикулум мен мазмұнын, оқыту сапасын бағалау.
Бұл бағалауды Оқу-әдістемелік орталық пен Сапаны бағалау Департаменті бірлесіп дайындайды.
Орталық жұмысының тағы бір бағыты – магистратура мен докторантура бағдарламалары білімгерлерінің үздіксіз дамуы мен кәсіби-ғылыми дағдыларын дамытуға көмектеу. Ғылым едпартаменті мен Мансап және кәсіби даму департаменттерінің бірлесе отырып УМЦ магистратура мен докторантура бағдарламалары білімгерлеріне, “Жас маман” бағдарламасының қатысушыларына семинарлар ұйымдастырады.












