Қосымша білім беру бағдарламасы

IB Educator Certificates Program

Факультет

Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар мектебі

Оқыту тілі

ағылшын және қазақ тілдері (топтың оқу тіліне сәйкес)

The IB Educator Certificates бағдарламасы IB World Schools (IBWS) мектептерінде сабақ беруге және көшбасшылық рөл атқаруға дайын мамандарды қалыптастыруға бағытталған халықаралық деңгейде мойындалған біліктілікті ұсынады.

Аталған сертификаттар түлектердің IB философиясын, педагогикалық тәсілдерін және бағалау жүйесін терең меңгергенін, сондай-ақ IB бағдарламаларын тиімді іске асыруға кәсіби тұрғыда толық дайын екенін растайды. 

Университет деңгейінде жүзеге асырылатын IB кәсіби оқыту курстары кәсіби шеберлігін арттыруға, көшбасшылық әлеуетін дамытуға және жаһандық IB қауымдастығы аясында мансаптық өсуге ұмтылатын жас және тәжірибелі педагогтерге арналған. IB бағдарламалары бойынша курстарды IB бағдарламасының үйлестірушілері, IB  семинар жетекшілері және IB World Schools мектептерінің сертификатталған тренерлері өткізеді.

SDU университетінде IB курстарын сәтті аяқтағаннан кейін түлектер:

IB философиясы мен қағидаттарын меңгереді
Халықаралық Бакалавриат ұйымының миссиясы мен философиясын терең түсініп, оның негізгі құндылықтарын педагогикалық және көшбасшылық тәжірибесінде қолданады.

IB педагогикалық тәсілдерін қолданады
IB бағдарламаларының құрылымдық негіздеріне сәйкес зерттеуге негізделген (inquiry-based), тұжырымдамалық (concept-driven) және білім алушыға бағдарланған (student-centered) оқу тәжірибесін жобалап іске асырады.

Тиімді бағалау стратегиясын жүзеге асырады
IB стандарттары мен критерийлеріне сәйкес қалыптастырушы және жиынтық бағалау әдістерін әзірлеп, қолданады.

IB білім алушы профилін дамытады
Білім алушы профилінің қасиеттерін оқу үдерісінде қолдану арқылы халықаралық деңгейде ойлайтын тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.

IB шеңберінде оқу бағдарламасын жобалайды
IB бағдарламаларының талаптары мен стандарттарына сәйкес зерттеу модульдерін (Units of Inquiry) және пәндік оқу бағдарламаларын жоспарлайды.

Рефлексивті кәсіби тәжірибені жүзеге асырады
Үздіксіз кәсіби талдау жүргізіп, іс-әрекеттегі зерттеу әдістерін қолданады және дәлелге негізделген тәсілдер арқылы оқыту сапасын жетілдіреді.

IB аясында көшбасшылық пен ынтымақтастықты жүзеге асырады
Кәсіби оқыту қауымдастықтарында тиімді жұмыс істейді және IB World Schools мектептерінде көшбасшылық рөлдерді атқаруға дайын екенін көрсетеді.

Жаһандық білім беру қауымдастықтарына қатысады
SDU университетіндегі The IB Educator Certificates бағдарламасы нақты IB бағдарламаларын IB World Schools мектептерінде тиімді іске асыруға дайын мамандарды даярлайдыю

Бастауыш мектеп бағдарламасы(PYP)
Халықаралық Бакалавриаттың Бастауыш мектеп бағдарламасы (PYP) талаптарына сәйкес түлектер:

    • кіші жастағы білім алушыларға арналған зерттеуге негізделген оқу тәжірибесін жобалап ұйымдастырады;
    • пәнаралық зерттеу модульдерін (Transdisciplinary Units of Inquiry) әзірлейді және жүзеге асырады;
    • бастауыш сыныптарда білім алушылардың дербестігін (student agency) және тұжырымдамалық түсінігін дамытады;
    • мектепке дейінгі және бастауыш деңгейге сәйкес қалыптастырушы бағалау стратегияларын қолданады;
    • ойынға негізделген және тұжырымдамалық оқыту арқылы IB білім алушы профилін дамытады.

Орта мектеп бағдарламасы (MYP)
Халықаралық Бакалавриаттың Орта мектеп бағдарламасы (MYP) талаптарына сәйкес түлектер:

  • тұжырымдамалық және зерттеуге негізделген пәндік модульдерді жобалайды;
  • Оқыту барысында жаһандық мәнмәтіндерді қолданады;
  • Пәнаралық оқу тәжірибесін әзірлейді;
  • Personal Project жұмысын орындау кезінде оқушыларға жетекшілік жасап, бағалауды жүзеге асырады;
  • MYP талаптарына сай критерийлік бағалауды қолданады.

Дипломдық бағдарлама (DP)
Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасы (DP) талаптарына сәйкес түлектер:

  • DP пәндік нұсқаулықтарына сәйкес академиялық тұрғыдан тереңдетілген пәндік оқытуды жобалайды;
  • Білім алушыларды IB-дің ішкі және сыртқы бағалауына дайындайды;
  • Кеңейтілген эссе (Extended Essay) жазу үдерісіне жетекшілік етеді және әдістемелік қолдау көрсетеді;
  • Таным теориясы (TOK) аясында талқылаулар өткізіп,сыни ойлауын дамытады;

Шығармашылық, белсенділік жəне қызмет (Creativity, Activity, Service, CAS) арқылы білім алушылардың жан-жақты дамуын қолдайды.

Міндетті компонент 1:
IB CTL 101 – IB Негіздері
5 ECTS | Міндетті
Бұл курс IB философиясы, білім алушы профилі, оқыту мен оқу тәсілдері, сондай-ақ IB стандарттары мен тәжірибелері бойынша базалық білім береді.
IB Minor бағдарламасының барлық студенттері үшін міндетті.

Міндетті компонент 2:
IB бағдарламасы бойынша мамандану
5 ECTS | Бір пәнді таңдау
Студенттер өздерінің академиялық бағытына немесе педагогикалық мамандануына сәйкес бір курсты таңдайды:

  • IB CTL 201 – Primary Years Programme (PYP) – 5 ECTS
  • IB CTL 301 – Middle Years Programme (MYP) – 5 ECTS
  • IB CTL 401 – Diploma Programme (DP) – 5 ECTS

Міндетті компонент 3:
IB Педагогикалық практикасы
10 ECTS | Практикалық бөлім
IB World School мектебінде ұйымдастырылатын педагогикалық практика студенттерге IB әдістерін оқу үдерісінде қолдануға мүмкіндік береді.

6B01501 Математика IB PYP/IB MYP/ IB DP
6B01504 Информатика IB PYP/IB MYP/ IB DP
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті IB PYP/IB MYP/ IB DP
6B01702 Шет тілі: екі шет тілі IB PYP/IB MYP/ IB DP
6B01707 Орыс тілі мен әдебиеті IB PYP/IB MYP/ IB DP
6B01502 Химия-Биология IB MYP/ IB DP
6B01506 Химия IB MYP/ IB DP
6B01503 Физика IB MYP/ IB DP
6B01101 Педагогика және психология IB PYP/IB MYP/ IB DP
6B01802 Әлеуметтік педагогика IB PYP/IB MYP/ IB DP
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі IB PYP
6B01601 Тарих IB MYP/ IB DP
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу IB PYP

Барлық бағдарламалар бойынша түлектер:

  • IB философиясын және халықаралық ойлау мәдениетін терең меңгергенін көрсетеді
  • Рефлексивті және зерттеуге негізделген оқыту тәжірибесін қолданады;
  • IB кәсіби оқу қауымдастықтарында тиімді ынтымақтастық орнатады;
  • IB World Schools мектептерінде сабақ беруге және көшбасшылық рөл атқаруға дайын болады.

Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін түлектер:

  • IB тарапынан танылған білім беру бағдарламасын аяқтағаны туралы растау алады;
  • IB-дің үш бағдарламасы бойынша дайындықтан өтеді: IB PYP, IB MYP, IB DP;
  • Халықаралық Бакалавриат ұйымы беретін Оқыту және оқу бағыты бойынша IB педагогінің сертификатын (IB Educator Certificate in Teaching and Learning) алады.

Бұл біліктілік түлектің IB World Schools мектептерінде сабақ беруге және кәсіби қызмет атқаруға дайын екенін растайды.

IB CTL 101 – IB foundations 
IB CTL 201 –  IB PYP (Primary Year program)
IB CTL 301 –  IB MYP (Middle Year Program)
IB CTL 401 – IB DP (Diploma Program)

Минималды GPA: 2.5
Ағылшын тілін меңгеру деңгейі: B1 (ағылшын топтары үшін)

АЙСУЛУ ҒАТИАТ

Extension Center директоры
Бағдарлама координаторы

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: