SDU University «Sustainable Central Asia» халықаралық конференциясына қатысты
26–27 қазанда Almaty Museum of Arts-та Sustainable Central Asia: Silk Roads of Education, Arts, and AI халықаралық конференциясы өтті. SDU University атынан іс-шараға Стратегиялық даму департаментінің директоры Гульназ Тогузбаева спикер ретінде қатысты.
Конференцияны CIMEA-NARIC Italia және CIMEA Central Asia ұйымдары UNESCO және British Council-мен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шара сегіз елден келген мемлекеттік органдар, университеттер, халықаралық ұйымдар мен сарапшылардың 70-тен астам өкілін біріктірді.
Quality and Trust in Education сессиясында Гульназ Тогузбаева Data and Quality Management at SDU University тақырыбында баяндама жасады. Ол университеттің деректер мен сапаны басқару тәжірибесін, сондай-ақ ақпаратты шешім қабылдау мен білім беру және әкімшілік үдерістерді жетілдіруде пайдалану тәсілдерін таныстырды.
Сессияға UNESCO, Quality Assurance Agency for Higher Education (QAA UK) және Satbayev University өкілдері де қатысып, білім сапасын қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастық пен білім беру жүйесіне деген сенімді нығайту мәселелерін талқылады.
Конференцияға қатысу SDU University-ге өз тәжірибесін халықаралық кәсіби ортада таныстырып, білім беру ұйымдары мен сарапшылар арасындағы байланысты кеңейтуге мүмкіндік берді.





