SDU University Chengdu қаласында өткен Europe–China Education-Industry Collaboration Forum-ға қатысты
SDU University ректоры Арман Жумажанов бастаған Университет делегациясы Қытайдың Chengdu қаласында өткен Europe–China Education-Industry Collaboration Forum-ға қатысты. Форум Қытай мен Еуропаның бизнес, академиялық және мемлекеттік саясат салалары өкілдерінің диалог алаңы саналатын The 19th Europe–China Business and Technology Cooperation Fair аясында ұйымдастырылды.
Форумды China Chamber of International Commerce (CCOIC) және Sichuan Laima Education ұйымдары China Center for International People-to-People Exchange, Ministry of Education, P.R. China қолдауымен өткізді. Іс-шараға университеттер, кәсіптік білім беру ұйымдары және индустрия өкілдері қатысып, білім беру жүйесінің экономикадағы өзгерістер мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне бейімделу жолдарын талқылады.
SDU University ректоры Арман Жумажанов форумда сөз сөйлеп, білім беруді академиялық орта, жұмыс берушілер және халықаралық серіктестерді байланыстыратын ашық экожүйе ретінде дамыту жөніндегі университеттің көзқарасын таныстырды. Сондай-ақ ол Орталық Азия университеттерінің Еуразиядағы академиялық ынтымақтастықты дамытудағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.
Форум аясында SDU University Қытайдың екі білім беру мекемесімен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды. Келісімдер бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге негіз қалайды.
SDU University-дің форумға қатысуы университеттің халықаралық диалогты дамытуға және студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынатын серіктестік орнатуға ұмтылысын көрсетеді.


