«Білім берудегі жасанды интеллект» курсы сәтті аяқталды
SDU Extension Center ұйымдастырған «Білім берудегі жасанды интеллект: оқытуда ЖИ құралдарын практикалық қолдану» атты 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.
Курсқа 101 педагог қатысты. Олардың 84-і оқу бағдарламасын сәтті аяқтап, сертификат алды. Бағдарлама педагогтердің жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде тиімді әрі практикалық қолдану дағдыларын дамытуға бағытталды.
Курстың екінші легіне тіркеу басталды!
Екінші лек 2026 жылғы 2–20 қараша аралығында өтеді. Педагогтерді жасанды интеллект құралдарын меңгеріп, кәсіби дағдыларын жетілдіруге шақырамыз.
Курс туралы толық ақпарат алу және тіркелу үшін 8 776 702 31 34 нөміріне хабарласыңыз.


Previous
Next
