SDU University Birkbeck University of London университетімен халықаралық серіктестікті дамытуда
SDU University Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Birkbeck University of London университетімен халықаралық серіктестікті дамыту бағытында жұмыс жүргізуде.
Бұл бастама SDU студенттеріне халықаралық деңгейде танылған британдық білім алып, Birkbeck University of London дипломын иеленуге мүмкіндік береді. Әлемнің жетекші университеттерінің қатарында саналатын оқу орны сапалы білім беру жүйесімен, ғылыми-зерттеу әлеуетімен және халықаралық академиялық ортасымен ерекшеленеді.
Аталған бағдарлама студенттерге:
- британдық диплом алу;
- халықаралық деңгейде мойындалатын білім игеру;
- жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасу;
- Ұлыбританияның білім беру ұйымдарында кәсіби тәжірибе жинақтау мүмкіндіктерін ұсынады.
2026–2027 оқу жылында Birkbeck University of London университетінде халықаралық студенттер үшін оқу ақысы жылына £18 500 мөлшерінде белгіленген.
Сонымен қатар, академиялық үлгерімі жоғары студенттерге £6 000 көлемінде шәкіртақы қарастырылған. Шәкіртақыға өтінім университетке құжат тапсыру барысында беріледі.
Бағдарлама SDU University-дің «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне арналған. Өтінім қабылдау 2026 жылғы 24 шілдеге дейін жалғасады.
Қосымша ақпарат алу үшін abbas.bodaubekov@sdu.edu.kz электрондық поштасына хабарласуға болады.
Аталған жоба SDU University студенттеріне халықаралық білім беру кеңістігінде білімін жалғастырып, әлемдік деңгейдегі академиялық және кәсіби мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам болып табылады. Орталық Азия өңірінде баламасы аз бұл бастама университеттің халықаралық серіктестігін кеңейтуге және студенттердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
