«KAZENERGY» қауымдастығы оқу ақысын төлеуге арналған гранттар байқауына өтінім қабылдауды бастайды
Құрметті студенттер мен талапкерлер!
«KAZENERGY» қауымдастығы 2026–2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу ақысын төлеуге арналған гранттар байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.
Гранттар «KAZENERGY» қауымдастығының Мердігерлері – NCOC N.V. және KPO B.V. бөлетін қаражат есебінен қаржыландырылады.
Гранттық бағдарлама туралы
Бағдарлама жүзеге асырылған 11 жыл ішінде жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінен 16 мыңнан астам өтінім қабылданып, 5 800-ден астам білім алушы грант иегері атанды. Қаржыландыруға ие болған студенттердің 60,2%-ы әлеуметтік осал санаттарға жатады.
Өтінім қабылдау мерзімі:
- Басталуы: 2026 жылғы 25 шілде
- Аяқталуы: 2026 жылғы 31 тамыз
Қатысу шарттары
Байқауға қатысу талаптары мен қажетті құжаттардың толық тізімі KAZENERGY қауымдастығының ресми сайтында жарияланған.
Байланыс ақпараты
Қосымша ақпарат алу үшін:
- Тел.: +7 (7172) 79-49-75
- E-mail: candidate@kazenergy.com
