Босаған білім беру гранттарына өтініш қабылдау басталды
SDU University-де ваканттық білім беру гранттарына өтініш қабылдау басталды.
Өтініш беру талаптары:
- Өтінішті ақылы негізде білім алатын студенттер, сондай-ақ Freedom грантының, әкімдік грантының және ішкі гранттың иегерлері бере алады.
- Үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс.
- Барлық оқу кезеңі бойынша GPA көрсеткіші 2,5-тен жоғары болуы қажет.
- «F», «FX», «AW» немесе «NP» бағалары бар студенттер конкурсқа қатыса алмайды.
- Өтініш қоса берілген файлдағы үлгіге сәйкес рәсімделуі тиіс. Сонымен қатар, «Ваканттық білім беру гранты» Google-формасын міндетті түрде толтыру қажет. Қате толтырылған мәліметтер өтініштің қабылданбауына себеп болуы мүмкін.
- Өтініштер 2026 жылғы 20 шілде сағат 17:30-ға дейін қабылданады.
Назар аударыңыз:
Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өтініштер қаралмайды.
Қосымша ақпарат: ssc@sdu.edu.kz
