SDU University және New Jersey Institute of Technology ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен ICESCO ғылыми дипломатия саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде. Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы және Science Summit 2026 аясында «Science Diplomacy and Global Cooperation» тақырыбында диалог өтті. Іс-шараны ICESCO мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп ұйымдастырды. Аталған ақпарат министрліктің ресми сайтында жарияланды.

Іс-шара аясында SDU University мен New Jersey Institute of Technology арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат екі университет арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, бірлескен білім беру және академиялық бастамаларды дамытуға негіз қалайды.

«Біз NJIT-пен стратегиялық әріптестікке қадам басып отырмыз. Алғашқы бастамамыз 1+1 форматындағы қос дипломды бағдарлама болады. Бүгінде классикалық MBA бағдарламасының өзі жеткіліксіз – заманауи басқару білімі технологиялармен тығыз байланысты болуы керек. Сондықтан цифрлық трансформация, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және басқа да өзекті бағыттарды қамтитын бағдарламаны қарастырып отырмыз», – деді SDU University ректоры Арман Жумажанов.

 

Меморандумға қол қойғаннан кейін SDU University делегациясы New Jersey Institute of Technology университетіне барып, университет басшылығымен кездесті.  SDU University делегациясының құрамында Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық мектебінің деканы Берік Сабденалиев те болды.

Делегация оқу инфрақұрылымымен және факультеттердің жұмысымен танысып, бірлескен білім беру бағдарламаларын, студенттердің академиялық мүмкіндіктерін және одан әрі ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

«Бұл серіктестік студенттерімізге магистратурадағы оқуын SDU-де бастап, кейін NJIT-те жалғастырып, екі университеттің дипломдарын алу мүмкіндігін береді. Біз NJIT-ті технологияға бағытталған бизнес-білім беру саласындағы мықты тәжірибесі біздің басқару және жаңа технологиялар тоғысында жұмыс істей алатын көшбасшыларды даярлау мақсатымызға сәйкес келетіні үшін таңдадық. Алдағы уақытта осы бағыттарды бірлесіп дамытып, студенттеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашуды асыға күтеміз», – деді SDU University ректоры Арман Жумажанов.

«Бұл серіктестік SDU студенттеріне оқуын NJIT-де жалғастырып, білімін технологияға бағытталған бизнес-біліммен толықтыруға мүмкіндік береді. Біз осы ынтымақтастықтың бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз және студенттердің түрлі салаларда және халықаралық ортада табысты жұмыс істеуіне қажетті дағдыларды дамытуға үлес қосуды асыға күтеміз», — деп атап өтті NJIT Martin Tuchman School of Management деканы  Oya Tukel.

Меморандум екі университет арасындағы білім беру, академиялық және институционалдық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.




Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: