SDU UNIVERSITY-ДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
SDU University Әлеуметтік даму жөніндегі проректор қызметіне Нұрбол Төлебаев тағайындалды.
Нұрбол Төлебаевтың білім беру және қоғамдық секторда 20 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. Еңбек жолын педагог ретінде бастап, кейін «Білім-инновация» лицейлерінде және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қоғамдық қорында түрлі қызметтер атқарды.
Сонымен қатар «QR News» ақпараттық агенттігінің бас директоры қызметін атқарған, қазіргі уақытта «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті қызметін атқарып келеді.
Білімі бойынша Нұрбол Төлебаев – педагог, тарих пәнінің мұғалімі, MBA және PhD дәрежелерінің иегері.
Нұрбол Төлебаевты жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тілейміз!
Сонымен қатар, SDU University-дің бұрынғы әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мұхаммедали Ибрагимовке университеттің дамуына және әлеуметтік бағыттағы жұмыстарына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
SDU University мен University of Birmingham арасындағы ынтымақтастық аясында жұмыс істейтін Character and Values Education Research Centre орталығында еңбек еткен Мұхаммедали Ибрагимов академиялық жолын University of Birmingham-де докторантурада жалғастырады.
Жаңа академиялық кезеңіне сәттілік тілейміз!


