DEM ALL (Korean Edition) – Summer Edition 2026: екі апталық білім мен мәдениетке толы жазғы мектеп
2026 жылғы 29 маусым мен 10 шілде аралығында SDU Extension Center ұйымдастырған DEM ALL (Korean Edition) – Summer Edition 2026 жазғы тілдік мектебі өз мәресіне жетті.
Бағдарлама мектеп оқушылары мен ересек тыңдаушыларды біріктіріп, корей тілі мен мәдениетін тереңірек меңгеруге мүмкіндік берді. Жазғы мектепке барлығы 33 қатысушы қатысып, тілдік дайындық деңгейіне сәйкес үш топта білім алды.
Екі апта бойы қатысушылар корей тілінің негізгі дағдыларын жетілдіріп, тәжірибелік сабақтар арқылы білімдерін нығайтты. Сонымен қатар, бағдарлама аясында корей мәдениетімен танысуға бағытталған танымдық кездесулер, шығармашылық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Қатысушылар K-pop мәдениетін жақынырақ танып, жаңа достар тауып, ұмытылмас тәжірибе жинақтады.
Бағдарламаның табысты жүзеге асуына үлес қосқан PAS Team құрамындағы 20 еріктіге, жоба жетекшілері Won Dae Hee, Lee Yongseok, Kim Dongeon мырзаларға, сондай-ақ қатысушыларға қолдау көрсеткен SDU University-дің 9 студент-амбассадорына алғысымызды білдіреміз.
SDU Extension Center халықаралық білім беру жобалары мен тілдік бағдарламаларды дамыту бағытында серіктестікті кеңейтуді жалғастырады және жаңа ынтымақтастық бастамаларына ашық.
Ынтымақтастық мәселелері бойынша байланыс телефоны: +7 775 595 22 15.



