- Welcome
- About us
- Dean’s message
- Alumni
- Programs
- Bachelor’s
- Chemistry
- Chemistry – Biology
- Physics
- Informatics
- Mathematics
- Translation studies
- Two Foreign Languages
- Applied philology
- Pedagogy and Psychology
- Pedagogy and Methods of primary education
- Social Pedagogy
- Kazakh language & literature
- History
- Russian language and literature in schools with Russian and non-Russian languages of instruction (IP)
- Master’s
- PhD
- Bachelor’s
- Conference
- Contacts
Шетел тілі
Деңгей
Білім бакалавры
Ұзақтығы
4 жыл
Оқу форматы
Оффлайн + Онлайн
Ақылы бөлімге түсу шекті балл
75
ECTS
240
Оқыту тілі
Корей тілі
«Шетел тілі: екі шетел тілі (қос дипломды)» білім беру бағдарламасының мақсаты — лингвистика, бірінші және екінші шетел тілдерін оқыту әдістемесі мен елтану саласында терең білімге ие, заманауи педагогикалық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік тұжырымдамаларды меңгерген, коммуникативтік, әрекетке негізделген және мәдениетаралық тәсілдер негізінде білім беру үдерісін тиімді жобалап, жүзеге асыра алатын, цифрлық технологияларды қолданатын, педагогикалық зерттеулер жүргізетін, академиялық және кәсіби этика қағидаттарын сақтайтын, сондай-ақ көпмәдениетті және халықаралық білім беру кеңістігінде табысты қызмет атқара алатын бәсекеге қабілетті, академиялық ұтқыр және әлеуметтік жауапты мұғалімдерді даярлау.
- Лингвистика, негізгі және екінші шетел тілдерін оқыту әдістемесі, сондай-ақ зерттелетін елдердің мәдениеттануы салаларында терең білімді көрсету.
- Шетел тілдерін оқытудың негізінде жатқан заманауи педагогикалық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік тұжырымдамаларды түсіну.
- Бірінші (негізгі) және екінші (қосымша) шетел тілдерін оқытуда коммуникативтік, әрекеттік және мәдениетаралық тәсілдерді қолдана отырып, тиімді оқыту және үйрету стратегияларын іске асыру.
- Сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды білім алушылардың жас ерекшеліктерін, психологиялық және мәдени ерекшеліктерін, сондай-ақ жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, инклюзивті білім беру қағидаттарына сәйкес жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу.
- Шетел тілдерін оқытудағы мотивация мен тиімділікті арттыру үшін заманауи цифрлық және мультимедиялық құралдарды пайдалану.
- Педагогикалық зерттеу әдістерін қолдану, сапалық және сандық деректерді талдау, өз педагогикалық тәжірибесіне рефлексия жасау және әріптестер тәжірибесін талдау (соның ішінде Lesson Study форматында) арқылы кәсіби міндеттерді шешу және кәсіби дамуды қамтамасыз ету.
- Академиялық жазу негіздерін меңгеріп, ғылыми жұмыстарды рәсімдеу және академиялық адалдық нормаларын сақтау.
- Академиялық және кәсіби ортада шетел тілдерінде коммуникация жүзеге асыру.
- Әртүрлі мәдениет өкілдерімен өзара әрекеттесу барысында мәдениетаралық хабардарлық пен толерантты көзқарас таныту.
- Кәсіби дамуға және өмір бойы оқуға дайындықты, жауапкершілік пен бастамашылықты көрсету.
- Этикалық қағидаларды сақтап, академиялық және кәсіби этика нормаларын құрметтеу, мұғалім мамандығының әлеуметтік маңыздылығын сезіну.
- Білім алушылардың оқу процесін қолдау және олардың дамуын қамтамасыз ету мақсатында білім алушылармен, ата-аналарымен (заңды өкілдерімен), әріптестермен және әлеуметтік серіктестермен тиімді педагогикалық өзара әрекеттестік пен ынтымақтастықты қалыптастыру.
| 1-жыл | |||||
| Күзгі семестр | Көктемгі семестр | ||||
| Курс коды | Курс атауы | Ects | Курс коды | Курс атауы | Ects |
| MDE 291 | Дене шынықтыру 1 | 2 | MDE 292 | Дене шынықтыру 2 | 2 |
| MDE 173 | Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 5 | MDE 151 | Әлеуметтік-саяси білім модулі (Саясаттану) | 2 |
| MDE 153 | Әлеуметтік-саяси білім модулі (Мәдениеттану) | 2 | MDE 152 | Әлеуметтік-саяси білім модулі (Әлеуметтану) | 2 |
| MDE 154 | Әлеуметтік-саяси білім модулі (Психология) | 2 | MDE 170 | Қоғамға қызмет ету және құндылықтарға негізделген қоғам 2 | 0 |
| MDE 160 | Қоғамға қызмет ету және құндылықтарға негізделген қоғам 1 | 0 | MDE 172 | Философия | 5 |
| MDE 171 | Қазақстан тарихы | 5 | TFL 168 | Әлем әдебиетіне кіріспе/ | 3 |
| TFL 131 | Оқу және жазу (базалық шетел тілінде ) 1 | 5 | TFL 160 | Оқу және жазу (базалық шетел тілінде) 2 | 5 |
| TFL 171 | Базалық шетел тілі (A1-A2) 1 | 5 | TFL 172 | Базалық шетел тілі (A2-B1) 2 | 5 |
| TFL 169 | Екінші шетел тілі (A1) 1 | 5 | TFL 170 | Екінші шетел тілі (A2) 2 | 5 |
| 2-жыл | |||||
| Күзгі семестр | Көктемгі семестр | ||||
| Курс коды | Курс атауы | Ects | Курс коды | Курс атауы | Ects |
| MDE 293 | Дене шынықтыру 3 | 2 | MDE 294 | Дене шынықтыру 4 | 2 |
| Қазақ тілі 1/ Орыс тілі 1 | 5 | Қазақ тілі 2/ Орыс тілі 2 | 5 | ||
| TFL 291 | Инклюзивті білім беру | 5 | Экономика/Құқық/Кәсіпкерлік/ Қаржылық сауаттылық | 5 | |
| TFL 275 | Мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті дамыту | 5 | TFL 292 | Педагогикалық психология | 5 |
| TFL 285 | Арнайы мақсаттарға арналған шетел тілі (базалық шетел тілі) (B2-С1) | 5 | TFL 290 | Оқу тәжірибесі (таныстыру) | 5 |
| TFL 277 | Академиялық мақсаттарға арналған шетел тілі (базалық шетел тілі) (B2-С1) 1 | 3 | TFL 278 | Академиялық мақсаттарға арналған шетел тілі (базалық шетел тілі) (B2-С1) 2 | 3 |
| TFL 287 | Екінші шетел тілі (B1) 3 | 5 | TFL 288 | Екінші шетел тілі (B2) 4 | 5 |
| 3-жыл | |||||
| Күзгі семестр | Көктемгі семестр | ||||
| Курс коды | Курс атауы | Ects | Курс коды | Курс атауы | Ects |
| TFL 391 | Тіл біліміне кіріспе | 5 | TFL 394 | Әдебиеттану | 5 |
| TFL 393 | Лексиканы оқыту теориясы | 5 | TFL 396 | Корей тіл біліміне кіріспе | 5 |
| TFL 395 | Тілдік білім беруге кіріспе | 5 | TFL 300 | Грамматика теориясы | 5 |
| TFL 397 | Шетел тілін меңгеру теориясы | 5 | TFL 478 | Тілді түсіну дағдыларын оқыту теориясы | 5 |
| TFL 399 | Сөйлеу және жазу дағдыларын оқыту теориясы | 5 | TFL 480 | Мультимедиалық технологиялар арқылы тіл оқыту әдістемесі | 5 |
| TFL 497 | Тілдік оқу материалдарын әзірлеу | 5 | TFL 482 | Айтылымды оқыту теориясы | 5 |
| 4-жыл | |||||
| Күзгі семестр | Көктемгі семестр | ||||
| Курс коды | Курс атауы | Ects | Курс коды | Курс атауы | Ects |
| TFL 485 | Қазіргі мәдениет | 5 | TFL 484 | Педагогикалық практика | 17 |
| TFL 489 | Тілді оқыту тәжірибесі | 5 | TFL 488 | Кешенді емтиханға дайындық | 5 |
| TFL 493 | Грамматиканы оқыту теориясы | 5 | TFL 486 | Мамандық бойынша кешенді емтихан | 8 |
| TFL 483 | Шетел тілін оқыту кезіндегі бағалау | 5 | |||
| TFL 495 | Педагогикалық тәжірибе | 10 | |||
- Мектептер мен колледждерде мұғалім ретінде
- Шетел тілі мұғалімі лауазымындағы әртүрлі жастағы студенттерге ақылы тіл курстарын ұсынатын көптеген коммерциялық білім беру орталықтарында
- Әдіскер