Рамис Ахмедов
Ақпараттық технологиялар және қолданбалы математика мектебінің деканы (SITAM)
Ақпараттық технологиялар және қолданбалы математика мектебіне (SITAM) қош келдіңіздер!Біздің басты мақсатымыз — SDU университетіндегі оқу үдерісін сіздер үшін пайдалы, мазмұнды әрі нәтижелі ету. Осы мақсатта біз әртүрлі білім беру бағыттары мен бағдарламаларды ұсынамыз: Data Science (Деректер ғылымы), Machine Learning (Машиналық оқыту), Қаржылық математика, Beta Career бағдарламасы, хакатондар, сондай-ақ Cisco, Red Hat, Oracle және басқа да ІТ зертханаларының кең таңдауы.
Біз студенттердің өз бетінше және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ерекше назар аударамыз. Студенттеріміз дәлелді тәжірибелерге негізделген заманауи және озық тәсілдерді меңгеріп, сыни ойлау қабілеттерін дамытады және XXI ғасырдағы ақпараттық технологиялар саласындағы қарқынды өзгерістерге ілесуге ұмтылады.