«Медиа мәтінді талдау әдістері» кітабының тұсаукесері өтті
2 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Нәзира Дәулетова залында журналист, медиа зерттеуші, филология ғылымдарының кандидаты, SDU University қауымдастырылған профессоры Есенгүл Кәпқызының «Медиа мәтінді талдау әдістері» кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға SDU University Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық мектебінің деканы Берік Сабденалиев, оқытушылар мен зерттеушілер қатысты.
Кітап таныстырылымы аясындағы дөңгелек үстелді Есенгүл Кәпқызының шәкірті, PhD, SDU University Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің бұрынғы деканы Мадияр Саудбаев жүргізді. Зерттеуші, докторант Гүлжан Қайырбекқызы коммуникация және медиа зерттеу әдістері тақырыбында пікір білдірді.
«Медиа мәтінді талдау әдістері» еңбегі медиа мәтіндерді зерттеу мен талдаудың негізгі тәсілдеріне арналған. Кітаптың жарық көруі қазақ тіліндегі медиа зерттеулердің дамуына үлес қосады.
Есенгүл Кәпқызын жаңа еңбегінің жарық көруімен құттықтаймыз!
Дереккөз: «Мінбер» ақпарат агенттігі


