SDU University зерттеу тобына нысаналы қаржыландыру грантын тағайындады
SDU University жанындағы зерттеу тобы университеттің нысаналы қаржыландыруға арналған грантын жеңіп алды. Жобаны педагогика және білім беру саласындағы зерттеуші Malik Satayev жетекшілік етеді.
Ғылыми жобаның негізгі мақсаты – болашақ мұғалімдер арасында құндылыққа бағдарланған білім беру қағидаларының қалыптасуын зерттеу, сондай-ақ университеттік педагогикалық тәжірибелер мен кәсіби әлеуметтенудің бұл үдеріске ықпалын талдау.
Зерттеу аясында білім беру жүйесіндегі құндылықтық ұстанымдардың маңызы, педагогикалық тәжірибенің болашақ мамандардың кәсіби дамуына әсері және заманауи мұғалім даярлау үдерісіндегі өзекті мәселелер қарастырылады. Жоба нәтижелері педагогикалық білім беруді жетілдіруге және ғылыми қауымдастық үшін маңызды зерттеу бағыттарын дамытуға үлес қоспақ.
SDU University ұжымы зерттеу тобына жемісті жұмыс, ғылыми жаңалықтар мен табысты жарияланымдар тілейді. Бұл грант жаңа ғылыми бастамалар мен ауқымды зерттеулерге жол ашатын маңызды қадам боларына сенім білдіреміз.
