SDU University Foundation бағдарламасының студенттеріне арналған Graduation салтанатты рәсімі өтті
2026 жылғы 13 мамырда SDU University Білім беру және гуманитарлық ғылымдар мектебі құрамындағы SDU Extension Center ұйымдастыруымен Foundation бағдарламасы студенттеріне арналған Graduation салтанатты іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында Foundation бағдарламасының білімгерлері дайындық оқу жылын сәтті аяқтап, академиялық және тұлғалық дамудың маңызды кезеңінен өткені атап өтілді. Салтанатты кешке университет өкілдері, оқытушылар, студенттер мен ата-аналар қатысып, түлектерге ізгі тілектерін білдірді.
Оқу жылы аясында студенттер 400 сағаттық қарқынды ағылшын тілі курсын меңгеріп, университеттік деңгейдегі пәндермен танысты. Сонымен қатар, олар академиялық ортаға бейімделіп, зерттеу, талдау және сыни ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.
Foundation бағдарламасы талапкерлердің жоғары білім беру жүйесіне дайындалуына бағытталған маңызды білім беру алаңы болып табылады. Бағдарлама аясында студенттер тілдік дайындықтан бөлек, академиялық мәдениетті меңгеріп, университеттік оқу үдерісіне сенімді қадам жасауға қажетті тәжірибе жинақтайды.
Іс-шара соңында түлектерге сертификаттар табысталып, олардың алдағы білім жолына ізгі тілектер білдірілді.
SDU Extension Center барлық түлектерді оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтайды және болашақта үлкен жетістіктер мен жаңа белестер тілейді!
Foundation бағдарламасы бойынша толық ақпарат алу үшін:
📞 +7 775 595 22 15




