SDU University QS Asia 2027 рейтингінде Азияның үздік университеттері қатарына енді
SDU University QS World University Rankings: Asia 2027 рейтингісінің нәтижелері бойынша Азияның үздік университеттері қатарына енді. QS Quacquarelli Symonds халықаралық сараптамалық ұйымының деректеріне сәйкес, университет Азия бойынша 691-орынды бөлісті (#=691). Сонымен қатар, Қазақстан жоғары оқу орындары арасында 25-орынға, ал Орталық Азия университеттері арасында 44-орынға ие болды.
Биылғы рейтинг — оның тарихындағы ең ауқымды басылым. Оған 26 жоғары білім беру жүйесінен 1 700-ден астам университет, оның ішінде Қазақстанның 51 жоғары оқу орны енді.
Бұл нәтиже SDU University-дің Азияның жоғары білім кеңістігіндегі орнын айқындап, университеттің ұлттық және өңірлік деңгейдегі көрсеткіштерін көрсетеді.
