SDU University ғалымдары гранттық қаржыландыру конкурстарының жеңімпаздары атанды
SDU University-дің бес зерттеушісі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2026–2028 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурстарында жеңіске жетті.
«Жас ғалым» жобасы бойынша грант иегерлері:
– Бинара Иманкулова;
– Еркін Шаймерденов;
– Ғазиза Отарбаева;
– Қанат Байкенов.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсының (КМУ) жеңімпазы:
– Баян Бекболат.
Бұл жетістік ғалымдарымыздың зерттеу жұмыстарының өзектілігі мен ғылыми әлеуетінің жоғары бағаланғанын көрсетеді. Жобалар 2026–2028 жылдар аралығында іске асырылып, ғылымның дамуына және жаңа ғылыми нәтижелердің қалыптасуына үлес қосады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жобаларын табысты жүзеге асыруға, маңызды ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге тілектеспіз!

