SDU Library ұйымдастырған Storytelling іс-шарасы өтті
SDU Library ұйымдастыруымен балалар арасында кітап оқуды насихаттау мақсатында Storytelling іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға әлем әдебиетінің жауһары саналатын «Кішкентай ханзада» шығармасының мазмұны жас ерекшеліктеріне сай түсіндіріліп, қызықты әрі интерактивті форматта таныстырылды. Қатысушылар кітаптың негізгі кейіпкерлерімен танысып, шығармадағы адамгершілік, достық, жауапкершілік секілді құндылықтар туралы ой бөлісті.
Бағдарлама аясында кітап мазмұны бойынша викторина ұйымдастырылып, балалар белсенділік танытып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сонымен қатар қатысушыларға арналған фуршет ұйымдастырылып, аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Бұл балалардың көтеріңкі көңіл-күйде болып, іс-шараға ерекше қызығушылықпен қатысуына мүмкіндік берді.
Іс-шараға жалпы саны 55 бала қатысты. Шара соңында барлық қатысушыларға алғыс грамоталары мен естелік сыйлықтар табысталды.
Аталған іс-шара балалардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, олардың танымдық көкжиегін кеңейтуге, шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын дамытуға оң ықпал етті.








