Ақпараттық технологиялар және қолданбалы мектебі
Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық мектебі
- 7M06106 Қаржы технологиясы
- 7M04110 Экономика және Бизнес Аналитика
- 7M04109 Жобаларды Басқару
- 7M03201 Медиа зерттеулері және журналистика
- 7M03204 Дата журналистика
- 7M03205 Медиаменеджмент және PR
- 7M04201 Жеке құқық
- 7M04202 Ақпараттық технологиялар құқығы
- 7M04204 Халықаралық бизнес құқық (қос дипломды)
Оқуға түсу ережесі
Үміткер магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсыруы керек.
Кешенді тест 3 бөлімнен тұрады:
1. Шет тілі тесті (IELTS 6.0, TOEFL (IBT 60, PBT 498);
2. Білім алуға даярлықты анықтау тесті;
3. Білім беру бағдарламалары тобы профилі бойынша тест.
Кешенді тестілеудің пәндері мына сілтемеде көрсетілген.
Кешенді тестілеуге тіркелу үшін мына сілтемемен өтіңіз.
Оқуға түсушілерге жеке кабинетте даярлық бағытын (бейінді немесе ғылыми-педагогикалық)өзгертуге мүмкіндік бар.
Кешенді тестілеу туралы анығырақ келесі сілтемеден біле аласыз.
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер үшін шекті ұпай - 75 , бейінді магистратураға түсушілер үшін - 50 ұпай.
Бір білім беру тобы мен 3 ЖОО таңдау арқылы конкурсқа қатыса аласыз.
Төменде тізімде көрсетілген құжаттарды admissions@sdu.edu.kz электронды поштасына жіберулеріңіңзді сұраймыз.
1. Бакалавриат дипломының түпнұсқасы;
2. 3×4 өлшеміндегі фотосурет (6 дана);
3. №075 формасындағы медициналық анықтама және флюорография;
4. Жеке куәлік көшірмесі;
5. Бағдарламалар бойынша тапсырылған тест сертификатының көшірмесі (бар болса).
Мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсыру үшін:
1. КТ сертификаты, жеке куәлік көшірмесі және диплом приложениясымен;
2. 3 х 4 өлшеміндегі фотосурет (4 дана).
Мемлекеттік грант – бұл сіздің білім алуыңыз үшін мемлекеттен бөлінетін қаржыландыру.
Гранттарды тек қана ҚР Білім және ғылым министрлігі бөледі, ал университеттер тек қана сіздің грант конкурсына қатысуыңыз үшін құжат қабылдайды.
Мемлекеттік грант конкурсында кешенді тестілеудің нәтижелері ескеріледі. Грант конкурсына қатысу үшін құжаттарыңызды университетке тапсыруыңыз керек.
Құжаттарыңызды тапсырған кезде оқу бағдарламасының тобы мен үш жоғарғы оқу орнын таңдай аласыз. SDU коды – 302.
Мемлекеттік грант иегерлері оқуын таңдаған жоғары оқу орнында тегін оқып, ай сайынғы стипендия алуға мүмкіндігі бар. Педагогикалық мамандықтарды бітірген магистрант оқуын бітірген соң өз мамандығы бойынша Қазақстанда жұмыс жасауы тиіс.
SDU магистратура мамандықтары бойынша 2025-2026 оқу жылына бөлінген гранттар саны:
*(ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланған):
| Группа коды мен атауы | Мемлекеттік гранттар саны | Мамандықтар | SDU коды |
| М010 Математика мұғалімдерін даярлау | 7 | 7M01501 Математика | 302 |
| M011 Физика мұғалімдерін дайындау | 7 | 7M01503 Физика | 302 |
| M012 Информатика педагогтерін даярлау | 7 | 7M01505 Информатика және цифрлық педагогика | 302 |
| М013 Химия мұғалімдерін даярлау | 4 | 7M01502 Химия | 302 |
| М014 Биология мұғалімдерін даярлау | 4 | 7М01504 Биология | 302 |
| М017 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау | 7 | 7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті | 302 |
| М019 Шет тілі мұғалімдерін дайындау | 10 | 7M01702 Шет тілі: екі шет тілі | 302 |
| M067 Журналистика және репортерлік жұмыс | 2 | 7M03201 Медиа зерттеу және журналистика | 302 |
| М070 Экономика | 5 | 7М04110 Экономика және Бизнес Аналитика | 302 |
| М072 Менеджмент | 5 | 7M04112 Білім берудегі менеджмент | 302 |
| 7M04109 Жобаларды басқару | |||
| М078 Құқық | 10 | 7М04201 Жеке Құқық | 302 |
| М092 Математика және статистика | 6 | 7М05401 Математика және статистика | 302 |
| М094 Ақпараттық технологиялар | 35 | 7M06101 Ақпараттық жүйелер | 302 |
Маңызды даталар
Кешенді Тестілеуге (КТ) тіркелуге өтініштерді қабылдау 2023 жылдың 1 маусымынан 8 шілдеге дейін орталықтың сайтына тіркелу арқылы өтеді. https://app.testcenter.kz /
25.10.2025 – 10.11.2025
ЖЖОКБҰ Магистратураға түсу үшін өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комисcиясы немесе ҰТО-ның ақпараттық жүйелері арқылы келесі мерзімде қабылданады:
25.10.2025 – 10.11.2025
25.10.2025 – 10.11.2025
ЖЖОКБҰ Докторантураға түсу үшін өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы немесе ҰТО-ның ақпараттық жүйелері арқылы келесі мерзімде қабылданады:
25.10.2025 – 10.11.2025
19.11.2025 – 11.12.2025
Докторантура білім беру бағдарламасының тобы бойынша қабылдау емтиханы келесі мерзімде өткізіледі:
19.11.2025 – 11.12.2025
26.12.2025 – 10.01.2025
Магистратура мен докторантураға тіркеу келесі мерзімде өткізіледі:
26.12.2025 – 10.01.2025
Оқу төлемақысы
Магистратура бойынша 2025 - 2026 оқу жылына төлемақы
Университетке қабылданған келісімшартқа отырған кезде соң 1 курстың бірінші семестріне төмендегі сілтемеде көрсетілген оқу ақысы төленуі тиіс.
Келісімшартқа отырған кезде:
1. Сілтемеде көрсетілген соманы 1 курстың бірінші семестрі үшін төлеу;
2025 - 2026 жылға дейін оқуға түскен магистратура бағдарламасының төлемақысы
Университетімізде оқу ақысы ECTS жүйесімен төленеді.
Жалпы білім беру пәндері (MDE) мен негізгі мамандық пәндерінің (Program) ақысы әртүрлі.
Әр мамандық бойынша негізгі мамандық пәнінің бағасы әртүрлі болады.
Төмендегі сілтемеден магистратура бағдарламалары бойынша бағалар көрсетілген.
Әр семестр сайын студент 20-42 ECTS аралығында пәндерді таңдай алады. Оқу ақысы таңдалған пәндердің санына байланысты семестр басталмай тұрып төленуі тиіс.
Магистратура бағдарламасын аяқтау үшін студент 120 ECTS таңдап, оқып бітіруі тиіс.