SDU Extension Center-де «Эндаумент және фандрайзинг негіздері» бағдарламасы сәтті аяқталды
2026 жылғы 29 сәуірде SDU Extension Center-де «Эндаумент және фандрайзинг негіздері» біліктілікті арттыру бағдарламасының қорытындысы шығарылды.
Бағдарлама Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген қатысушылар үшін кәсіби диалог пен тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаңға айналды. Оқытуға еліміздің әртүрлі қалаларынан келген академиялық, басқарушылық және білім беру саласының өкілдері – барлығы 29 тыңдаушы қатысты.
Бағдарламаның соңғы күні оның тәжірибелік бағыттылығын және серіктестік бастамалардың дамуын көрсететін маңызды іс-шараларға арналды. Атап айтқанда, «Аврора Ала» корпоративтік қорының өкілдерімен және SDU University басшылығымен кездесу өтіп, бірлескен жұмыстың нәтижелері талқыланып, алдағы ынтымақтастық бағыттары айқындалды. Сонымен қатар, білім беру, ғылым және инновациялар саласындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
Қорытынды күн аясында қатысушылар campus tour, closing ceremony іс-шараларына қатысып, сертификаттарға ие болды. Бағдарлама түлектері, спикерлер мен серіктестердің қатысуымен нетворкинг-сессия ұйымдастырылды.
Оқу барысында эндаумент-қорлар, стратегиялық фандрайзинг және білім беру ұйымдарының тұрақты дамуы салаларындағы базалық құзыреттерді қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Бағдарламаны іске асыру SDU Extension Center мен «Аврора Ала» корпоративтік қорының бірлескен жұмысының нәтижесінде мүмкін болды. Бұл әріптестік тәжірибеге бағытталған білім беру бастамаларын дамытуға және серіктестік бағдарламаларды кеңейтуге негіз қалады.
SDU University бағдарламаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Корпоративтік даму және түлектермен жұмыс департаментіне, сондай-ақ фандрайзинг офисіне алғыс білдіреді.








