Search Results for: what

SDU University-де STEM Research Center ұйымдастыруымен ауқымды білім беру іс-шарасы өтті

SDU University-де STEM Research Center ұйымдастыруымен ауқымды білім беру іс-шарасы өтті SDU University жанындағы STEM Research Center ұйымдастыруымен ғылым мен білімді дамытуға бағытталған ауқымды іс-шара өтті. Жиынға 140-қа жуық мектеп мұғалімдері, білім беру ұйымдарының директорлары және студенттер қатысты. Іс-шараның ашылу салтанатында қатысушыларды STEM бағытындағы білім берудің маңыздылығы мен болашағы туралы мазмұнды бағдарлама күтіп тұрды. Алғашқы …

SDU University-де STEM Research Center ұйымдастыруымен ауқымды білім беру іс-шарасы өтті Read More »

Freedom Junior’s Day: SDU-де сала сарапшылары Data мен киберқауіпсіздікті талқылады

Freedom Junior’s Day: SDU-де сала сарапшылары Data мен киберқауіпсіздікті талқылады SDU University-де Freedom Holding Corp. ұйымдастырған Data және Cybersecurity бағыттарына арналған Freedom Junior’s Day білім беру іс-шарасы өтті. Іс-шара екі параллель трек форматында ұйымдастырылып, студенттерді, мамандарды және сала сарапшыларын біріктіріп, деректерді талдау мен ақпараттық қауіпсіздіктің заманауи тәсілдерін талқылауға мүмкіндік берді. Data Track Деректерге арналған трек …

Freedom Junior’s Day: SDU-де сала сарапшылары Data мен киберқауіпсіздікті талқылады Read More »

Shymkent Alumni Meetup 2026: SDU University түлектерінің кездесуі өтті

Shymkent Alumni Meetup 2026: SDU University түлектерінің кездесуі өтті 2026 жылғы 28 наурызда Шымкент қаласында SDU University түлектерінің кездесуі – Shymkent Alumni Meetup 2026 іс-шарасы өтті. Аталған жиынға университеттің әртүрлі факультеттерін тәмамдаған түлектер мен оқу орнының өкілдері қатысты. Кездесуге SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев қатысып, университеттің соңғы жылдардағы жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар, ол оқу орнының …

Shymkent Alumni Meetup 2026: SDU University түлектерінің кездесуі өтті Read More »

SDU University-де MicroBlocks бойынша халықаралық мастер-класс өтті

SDU University-де MicroBlocks бойынша халықаралық мастер-класс өтті SDU University-де болашақ STEM мұғалімдеріне арналған MicroBlocks платформасы негізінде бағдарламалау және физикалық есептеулер бойынша халықаралық мастер-класс өтті. Іс-шара Artisan Education ұйымы мен MicroBlocks халықаралық қауымдастығының ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды. Мастер-класстың спикерлері ретінде Силикон алқабынан келген тәжірибелі сарапшылар — Kathy Giori және Rekha Pai қатысты. Kathy Giori — технология саласында …

SDU University-де MicroBlocks бойынша халықаралық мастер-класс өтті Read More »

Шеберлік пен шексіздік: SDU-да Халықаралық Пи күні аталып өтті

Шеберлік пен шексіздік: SDU-да Халықаралық Пи күні аталып өтті 3,1415926535… Бұл жай ғана сандар тізбегі емес, математика әлемінің ең жұмбақ әрі кең танымал символы. Осы ерекше күнге орай SDU университетінде ғылым мен креативті ұштастырған ауқымды мерекелік іс-шара — International Pi Day конференциясы ұйымдастырылды. Аталған шара студенттер мен еліміздің жетекші технократтарын бір алаңға жинап, білім мен …

Шеберлік пен шексіздік: SDU-да Халықаралық Пи күні аталып өтті Read More »

SDU University қауымдастырылған профессоры Дина Бакранова Найля Базанова атындағы мәртебелі марапатқа ие болды

SDU University қауымдастырылған профессоры Дина Бакранова Найля Базанова атындағы мәртебелі марапатқа ие болды SDU University Ақпараттық технологиялар және қолданбалы математика мектебінің қауымдастырылған профессоры Дина Бакранова Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы табыстайтын мәртебелі Найля Базанова атындағы марапатқа ие болды. Бұл марапат Қазақстанның тұңғыш әйел-академигі, физиология ғылымының негізін салушы Найля Базанованың (1911–1993) құрметіне ғылымның дамуына елеулі үлес …

SDU University қауымдастырылған профессоры Дина Бакранова Найля Базанова атындағы мәртебелі марапатқа ие болды Read More »

MBA Менеджмент (қаз)

Қош келдіңіз Мектеп жайлы Деканның ресми жолдауы Бағдарламалар Бакалавриат Магистратура Докторантура Minor Түлектер Байланыс MBA Менеджмент Академиялық дәреже Іскерлік басқару Кешенді тестілеудің бейіндік пәндері Талап етілмейді Оқу мерзімі 2 жыл, 120 ECTS Оқыту форматы Гибритті Оқыту тілі Қазақ тілі, Ағылшын тілі Оқу ақысы 2 000 000 тг Бағдарлама мақсаты Бағдарлама жинақталған тəжірибені жүйелеуге, операциялық ойлау …

MBA Менеджмент (қаз) Read More »

EMBA Менеджмент

Қош келдіңіз Мектеп жайлы Деканның ресми жолдауы Бағдарламалар Бакалавриат Магистратура Докторантура Minor Түлектер Байланыс EMBA Менеджмент Академиялық дәреже Іскерлік басқару Кешенді тестілеудің бейіндік пәндері Талап етілмейді Оқу мерзімі 1 жыл, 60 ECTS Оқыту форматы Гибритті Оқыту тілі Қазақ тілі, Ағылшын тілі Оқу ақысы 2 000 000 тг Бағдарлама мақсаты Executive MBA бағдарламасының мақсаты – басқарушылық …

EMBA Менеджмент Read More »

Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевтың 70 жас мерейтойымен құттықтаймыз!

Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевтың 70 жас мерейтойымен құттықтаймыз! SDU University ұжымы көрнекті ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевты 70 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Асқар Серқұлұлы — отандық ғылым мен жоғары білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал ғалым. 1980–1990 жылдары Математика және механика институтында (қазіргі Математика институты) кіші, аға және жетекші ғылыми …

Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевтың 70 жас мерейтойымен құттықтаймыз! Read More »

SDU University-де “Қолданбалы психология” зертханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті

SDU University-де “Қолданбалы психология” зертханасының ашылуы және 2026 жылғы Ақылдасу алқасының отырысы өтті SDU University университетінің Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық мектебінде “Қолданбалы психология” білім беру бағдарламасы аясында маңызды екі іс-шара өтті: “Қолданбалы психология” зертханасының ресми ашылуы және 2026 жылғы Ақылдасу алқасының отырысы. Жаңа зертхана полимодальді терапия бағыттарына арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда арт-терапия, экзистенциялық …

SDU University-де “Қолданбалы психология” зертханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content