Search Results for: v

Университетіміздің білімгерлеріне Айбек Смадияров дәріс өткізді

Университетіміздің білімгерлеріне Айбек Смадияров дәріс өткізді SDU University Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің коммуникациялар департаментінің директоры Айбек Смадияров білімгерлермен кездесуге арнайы келді. Арнайы қонақ Университетіміздің Халықаралық қатынастар және Журналистика мамандығының білімгерлеріне «Халықаралық қатынастарға ақпараттық әсер ету» тақырыбында дәріс оқып, қоғаммен қарым-қатынастағы дағдарыс менеджментін басқару туралы кеңінен айтты. Сондай-ақ шет мемлекеттермен …

Университетіміздің білімгерлеріне Айбек Смадияров дәріс өткізді Read More »

Қазақстандық оқушылар робототехникадан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық оқушылар робототехникадан әлем чемпионы атанды SDU University Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің Ақпараттық жүйелер мамандығының 2015 жылғы түлектері Нұрдәулет Досмағамбет, Бекзат Инкаров пен Асылбек Мырзахметовтың жетекшілігімен Қазақстандық оқушылар Сингапурда өткен FIRST Global Challenge робототехникадан ең ірі чемпионатта рекордтық нәтижелерге қол жеткізді. Осы жеңісі арқылы ұлттық құрама өткен жылы Женевада алған чемпиондық атағын тағы бір …

Қазақстандық оқушылар робототехникадан әлем чемпионы атанды Read More »

Оқытушыларға байқау жарияланды!

Оқытушыларға байқау жарияланды! SDU University Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің оқытушыларына арналған МООС курстарын түсіру бойынша байқау басталғаны туралы хабарлаймыз. Байқау 2023 жылғы қазан айының 14-не дейін жалғасады. Конкурс нәтижесінде оқу-әдістемелік кеңеске Факультеттен 2 мұғалімді ұсынылады. Осыған орай,  үміткерлер 14 қазанға дейін өтінімдерін кафедраға өткізуін сұраймыз. МООС курсын түсіру ережелері мен процесстері содан соң СPDI …

Оқытушыларға байқау жарияланды! Read More »

Үздіксіз білім беру орталығы Талдықорғанға іссапармен барды

Үздіксіз білім беру орталығы Талдықорғанға іссапармен барды SDU University Үздіксіз білім беру орталығы Талдықорған қаласына іссапармен барып, “Білім-Инновация” лицей-интернатының 22 мұғаліміне ғылыми зерттеу бағыты бойынша 3 сағаттық семинар өткізді. “Ғылыми жобаға тақырып қоюда ескеру керек 4 ереже” атты семинар дұрыс тақырып таңдау, тақырыптың өзектілігін дәлелдеу және жалпы ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу туралы ақпаратты қамтиды. Қатысушылар …

Үздіксіз білім беру орталығы Талдықорғанға іссапармен барды Read More »

Қазақстанның жетекші университеттерінің білім беру көрмесі

Қазақстанның жетекші университеттерінің білім беру көрмесі Қазан айында Қазақстанның 4 жетекші университеті білім көрмелерін өткізеді: Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ), Назарбаев Университет (НУ), КИМЭП Университеті (КИМЭП), SDU University.    Көрме 7 қазанда Астана мен Атырау, ал 14 қазанда Шымкент пен Алматы қалаларына өтеді. Көрменің қатысушылары университетке түсу туралы соңғы ақпарат, жеке кеңес ала алады. Көрмелердің өтетін …

Қазақстанның жетекші университеттерінің білім беру көрмесі Read More »

Қабылдау комиссиясы

«SDU University» мекемесінің білімгерлерді қабылдау ережесі «SDU University» мекемесінде жеке деректерді жинау, өңдеу, сақтау және беру туралы ереже Бакалавриат Магистратура Докторантура MBA

Әлем чемпионы болған Мұхит Ерлан университетіміздің мақтанышы

Әлем чемпионы болған Мұхит Ерлан университетіміздің мақтанышы SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев World Grappling Champion in Warsaw-2023 Әлем чемпионы атанған Мұхит Ерлан Алмазұлын қабылдап, құттықтау тілектерін жеткізді. Ерлан Алмазұлы, ректормен кездесу барысында әлемдік аренада бас қосқан 33 спортшымен бақ сынасып, өзінің шеберлігі мен спортқа деген адалдығының арқасында жеңіске жеткендігі жөнінде айтты. Сондай-ақ оның бұл жеңісі …

Әлем чемпионы болған Мұхит Ерлан университетіміздің мақтанышы Read More »

Орта білім беру орталығы

Біз туралы Жоғарғы білім беру орталығы Орта білім беру орталығы Педагогикалық біліктілікті арттыру орталығы Қашықтықтан оқыту бөлімі Орта білім беру орталығы SDU University кәсіптік даму және инновациялар орталығы бүкіл елдің оқу орындары үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу арқылы Қазақстандағы орта білім беру саласындағы кадрлардың сапасын арттыруды мақсат етіп қойды. Бүкіл әлемде қашықтықтан және аралас оқытудың …

Орта білім беру орталығы Read More »

Қашықтықтан оқыту бөлімі

Біз туралы Жоғарғы білім беру бөлімі Орталық білім беру бөлімі Педагогикалық қайта даярлау орталығы Қашықтықтан оқыту бөлімі Қашықтықтан оқыту бөлімі SDU University қашықтықтан оқыту бөлімі-бұл қашықтықтан оқыту, онлайн білім беру процестерін ұйымдастыруға және басқаруға және білім беру мақсаттарына жету үшін заманауи технологияларды пайдалануға арналған құрылымдық бөлім. Бөлім әдетте қашықтықтан оқыту стратегияларын, жоспарларын және бағдарламаларын әзірлейді …

Қашықтықтан оқыту бөлімі Read More »

Жоғарғы білім бөлімі

О нас Отдел Высшего образования Отдел Среднего образования Отдел Педагогической Переподготовки Отдел Дистанционного обучения Жоғарғы білім беру орталығы “Жоғары білім беру орталығы” бөлімінің мақсаты – SDU University және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық шеберлігін дамыту. Міндеттері мен функциялары Қазақстандағы университет деңгейіндегі оқытушылардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу (Summer / Winter School) …

Жоғарғы білім бөлімі Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content