Search Results for: v

Польшада білім алу: шетелде оқудың мүмкіндіктері

Польшада білім алу: шетелде оқудың мүмкіндіктері Қазақстан мен Польшаның білім беру саласындағы тығыз ынтымақтастығы аясында 30 қараша күні SDU-ға Польшаның Алматыдағы Бас консулы Joseph Tymanowski келді. Құрметті қонақ Польша елінің қазақстандық студенттер арасында үлкен танымалдылыққа ие екендігін атап өтті. Осы орайда, консул білім беру жүйесіне, оның артықшылықтары мен ерекшеліктеріне кеңірек тоқталып, магистратураға түсу жайлы ақпарат …

Польшада білім алу: шетелде оқудың мүмкіндіктері Read More »

SDU студенттері Францияда білім алу жолдарымен танысты

SDU студенттері Францияда білім алу жолдарымен танысты Бүгін SDU University білім ордасына Espace Campus France Almaty ұйымының өкілі Гүлзара Сүлейменова және Францияның Алматыдағы Бас консулдығында университеттік және мәдени ынтымақтастық мәселелері бойынша жобалармен жұмыс істеуге уәкілетті тұлға Назерке Мұхтарқызы келді. Спикерлер Францияда білім алу мүмкіндіктері жайлы ақпарат берді. Атап айтсақ, Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастық аясында …

SDU студенттері Францияда білім алу жолдарымен танысты Read More »

Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінде STEM апталығы өтті

Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінде STEM апталығы өтті SDU University қабырғасында өткен ауқымды іс-шараның басты мақсаты – студенттерді ғылымға баулып, білім мен тәжірибені ұштастыру еді. Бір аптаға созылған іс-шара барысында технология, инженерия және математика салалары бойынша сайыстар өтіп, қатысушылар білімін ортаға салды. Биология, химия және физика бағытында жасалған демонстрациялар STEM пәндерінің практикалық қолдануларын көрсетті. Информатика …

Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінде STEM апталығы өтті Read More »

Samsung Recycling School байқауы аясында SDU үздік үштікке кірді

Samsung Recycling School байқауы аясында SDU үздік үштікке кірді SDU University Samsung Recycling School байқауына қатысты. Бұл жобаның мақсаты жастарды электронды қалдықтарды жинап, кәдеге жаратуға шабыттандыру болды. Байқау нәтижесінде SDU 5 келі электронды қалдықтарды жинағаны үшін жүлделі 3 орынға ие болды, университетке “Smart M8 monitor 32” мониторы сыйға берілді. Жүлдені табыстау “Come to the Green …

Samsung Recycling School байқауы аясында SDU үздік үштікке кірді Read More »

SDU Extension School “Дарын” ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарына семинар-тренинг өткізді

SDU Extension School “Дарын” ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарына семинар-тренинг өткізді SDU University оқытушылары 30 қазан күні А.С. Пушкин атындағы орта мектепте өткен Қарасай аудандық “Дарын” ғылыми жобалар байқауында қазылық етті. Оқытушыларымыз 300-ден астам қатысушының жұмысын тыңдап, сәйкес бағаларын берді. SDU Extension School өз кезегінде байқау жеңімпаздарын университетімізге шақырып, 2 қараша күні 21 оқушыға 3 сағаттық …

SDU Extension School “Дарын” ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарына семинар-тренинг өткізді Read More »

Министрлік гранттары

Министрлік гранттары Гранттық қаржыландыру Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Жас ғалым Жас ғалымдарды ГҚ 2026 ж. сатып алу жоспары

ИРН AP19676568

Қазақстандағы университеттер мен ғылыми институттарда зерттеуге қолайлы орта қалыптастыру Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ЖТН: AP19676568 Жобаның мақсаты Бұл жобаның мақсаты – сапалы және сандық әдістерді пайдалана отырып, Қазақстандағы университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарындағы ғылыми-зерттеу ортасын зерделеу және зерттеулер жүргізуге қолайлы жағдай мәдениетті қалыптастыру үшін нақты ұсыныстар әзірлеу. Жоба командасы Тлеуов Асқат PhD, Aссистент-профессор SDU университетінің …

ИРН AP19676568 Read More »

Республика күніне орай Университетімізде тарих апталығы өтуде

Республика күніне орай Университетімізде тарих апталығы өтуде SDU University Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті мен MDE орталығының ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Тұғыры биік туған ел» атты тарих апталығы өтуде. Бірінші күні жастардың патриоттық рух сезімін ұялату мақсатында Радиоэлектроника және Байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары бастаған салтанатты шерумен «Атамекен» әні мен «Әнұран» шырқалды. Екінші күні Қарасай ауданының …

Республика күніне орай Университетімізде тарих апталығы өтуде Read More »

SDU Бизнес мектебінің ұстазы Мәдина Қосайдың кітабының тұсаукесері болды

SDU Бизнес мектебінің ұстазы Мәдина Қосайдың кітабының тұсаукесері болды SDU University Ғылыми кітапханасында Бизнес мектебінің құрметті ұстазы Мәдина Қосай және суретші Лейла Ахмет Османның иллюстрациясымен жазылған «Мечтай больше» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шара барысында кітап авторлары осы туындысымен жұмыс жасау кезіндегі өз тәжірибелерімен және бұл шығармашылық жұмысқа қалай келгендерімен бөлісті. Тұсаукесер студенттер үшін армандауға және мақсаттарына …

SDU Бизнес мектебінің ұстазы Мәдина Қосайдың кітабының тұсаукесері болды Read More »

Үздіксіз білім беру орталығы “Sabaq online” ұжымына семинар-тренинг өткізді

Үздіксіз білім беру орталығы “Sabaq online” ұжымына семинар-тренинг ұйымдастырды SDU University Үздіксіз білім беру орталығы Астана қаласынан келген “Sabaq online” ұжымына 6 сағаттық семинар-тренинг ұйымдастырды. Қатысушыларға семинар-тренинг 3 бағытты қамтыды: “Қарым-қатынас психологиясы”. Спикер: Әсем Каукенова, 6 жылдық тәжірибесі бар психолог; “Оқушыларды мамандықты дұрыс таңдауға бағыттау” Спикер: Омарбек Көшкімбайұлы 15 жылдық тəжірибесі бар профориентолог, коуч; “Қарым-қатынас …

Үздіксіз білім беру орталығы “Sabaq online” ұжымына семинар-тренинг өткізді Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content