Search Results for: v

TOWNHALL MEETING 2025

TOWNHALL MEETING 2025 18 маусым күні SDU University-де қызметкерлер мен университет әкімшілігінің басын қосқан  TOWNHALL MEETING 2025 шарасы өтті. Кездесу барысында университет ректоры 2024–2025 оқу жылындағы негізгі нәтижелер мен жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен стратегиялық басымдықтар таныстырылды. Университет басшылығы қызметкерлердің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты. Бұл …

TOWNHALL MEETING 2025 Read More »

Журналистика мамандығына шығармашылық емтихан

Журналистика мамандығына шығармашылық емтихан SDU University журналистика саласына қызығушылық танытқан талапкерлер үшін 2025 жылғы шығармашылық емтихан күндерін жариялады. Биыл аталған мамандық бойынша шығармашылық емтихан 11-12 шілде күндері өтеді. Шығармашылық емтиханға қатысу үшін өтініштер 20 маусым мен 7 шілде аралығында қабылданады. Емтихан екі кезеңнен тұрады: жазбаша және ауызша тапсырмалар. Бұл талапкерлердің мәтін жазу машығы мен сыни …

Журналистика мамандығына шығармашылық емтихан Read More »

Басқа жоғары оқу орнынан ауысу

SDU University мекемесіне ауысу және қайта қабылдану Өтініш беру тек онлайн түрде жүзеге асырылады (төмендегі батырма арқылы).Құжаттарды электрондық пошта арқылы жіберудің қажеті жоқ. Өтініш қабылдау мерзімі:29.12.2025 – 08.01.2026 Өтініш беру және қарастыру кезеңдері 1. Өтініш беру (онлайн форма арқылы)Қоса тіркеу қажет:1) SDU ректорының атына жазылған өтініш (ауысу/қалпына келу туралы)Қолмен не басып жазылған, байланыс нөмірлері мен …

Басқа жоғары оқу орнынан ауысу Read More »

SDU университеті беделді FIBAA институционалдық аккредитациясына ие болды

SDU университеті беделді FIBAA институционалдық аккредитациясына ие болды SDU University FIBAA Аккредитация және Сертификация Комитетінің институционалдық аккредитациясынан сәтті өткендігін қуана хабарлаймыз. Бұл мәртебе 6 жылға жарамды. Маңызды жетістік SDU-дың білім беру, академиялық басқару және үздіксіз даму салаларындағы халықаралық сапа стандарттарына берік ұстанымын көрсетеді. Осы жетістікке орай, университетке FIBAA сапа мөртаңбасы табысталды. FIBAA — жоғары білім …

SDU университеті беделді FIBAA институционалдық аккредитациясына ие болды Read More »

Институционалдық зерттеулер: білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктер

Институционалдық зерттеулер: білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктер Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жоғары білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерге арналған «Жоғары білім беруде деректерге негізделген шешім қабылдау: институционалдық зерттеулердегі қазіргі мәселелер мен болашақ бағыттар» атты III форум өтті. Маңызды шараны QyzPU еліміздің жетекші жоғары оқу орындары — Nazarbayev University, KIMEP University және SDU University-мен бірлесіп ұйымдастырды. …

Институционалдық зерттеулер: білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктер Read More »

Ұлыбританиядан Қазақстанға дейін: Құндылыққа негізделген көпір

Ұлыбританиядан Қазақстанға дейін: Құндылыққа негізделген көпір Бүгінгі жаһандану дәуірінде білім беру жүйесі тек қана ақпарат берумен шектеліп қалмауы тиіс. Ол адамның ішкі болмысын, мінез-құлқын, өмірлік ұстанымын қалыптастыруға бағытталуы қажет. Осы тұста SDU University мен Ұлыбританиядағы Бирмингем университетінің арасындағы жаңа ынтымақтастық — еліміздегі білім берудің жаңа деңгейге көтерілуінің нышаны десе болады. Бирмингем университеті –Ұлыбританиядағы ең беделді …

Ұлыбританиядан Қазақстанға дейін: Құндылыққа негізделген көпір Read More »

Гонконгтағы халықаралық конференция

Гонконгтағы халықаралық конференция Гонконг қаласында SDU Univеrsity (Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті), The Education University of Hong Kong (I-WELL орталығы) және Sultan idris Мalaya University-мен бірлескен “Бір жол, бір белдеу” атты үлкен халықаралық конференция болып өтті. Конференция “Арнайы және инклюзивті білім берудегі жасанды интеллект”, “Арнайы педагогиканың педагогика және психологиямен интеграциясы” және “Инклюзивті білім берудің жаһандық …

Гонконгтағы халықаралық конференция Read More »

SDU Extension School мектеп басшыларына арналған семинар-тренинг өткізді

SDU Extension School мектеп басшыларына арналған семинар-тренинг өткізді 2025 жылдың 29 сәуірінде SDU Extension School Астана, Шымкент, Алматы, Өскемен және Ақтөбе қалаларынан келген мектеп директорларының орынбасарларына арналған 6 сағаттық семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинарда тиімді жиналыс өткізу, инклюзия мен психологиялық қолдауға негізделген жаңа оқу мәдениетін қалыптастыру, заманауи көшбасшы психологиясы мен адаптивті лидерлік тәсілдерін дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс …

SDU Extension School мектеп басшыларына арналған семинар-тренинг өткізді Read More »

SDU International Culture Day 2025

SDU University-де Халықаралық мәдениет күні аталып өтті 29 сәуір күні SDU University-де дәстүрлі Халықаралық Мәдениет күні өтті. Бұл – достықты, өзара түсіністікті және мәдени алуандықты дәріптейтін, студенттерді, дипломаттарды және қонақтарды біріктіретін жарқын әрі маңызды шара. Салтанатты ашылу рәсімі ұлттар шеруімен басталды: шетелдік студенттер өз елдерінің ұлттық киімінде Қазақстан туының астында жүріп өтті. Бұл – елдегі …

SDU International Culture Day 2025 Read More »

Білім берудегі серіктестік: Қазақстан мен Өзбекстан мамандарының диалогы

Білім берудегі серіктестік: Қазақстан мен Өзбекстан мамандарының диалогы 18 сәуір күні SDU University қабырғасында «Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектептің өзара әрекеттестігі: озық тәжірибелер мен инновациялық тәсілдер» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны «Педагогика және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің «Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасы ұйымдастырды. Аталған дөңгелек үстелге Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ мектепке …

Білім берудегі серіктестік: Қазақстан мен Өзбекстан мамандарының диалогы Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content