Search Results for: v

Astana Finance Days 2025: Болашақтың негізін қалайтын капитал

Astana Finance Days 2025: Болашақтың негізін қалайтын капитал Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Astana Finance Days (AFD) VIII форумына SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев спикер ретінде қатысты. Форумды «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ұйымдастырды. Бұл – Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі №1 қаржы орталығы, сондай-ақ инновациялар мен бизнестің өсуіне арналған серпінді хаб. Биыл университетімізде …

Astana Finance Days 2025: Болашақтың негізін қалайтын капитал Read More »

Химия-Биология

Қош келдіңіз Факультет жайлы Деканның ресми жолдауы Бағдарламалар Бакалавриат Химия Физика Информатика Математика (педагогика) Аударма ісі Екі шет тілі Қолданбалы филология Педагогика және психология Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Әлеуметтік педагогика Қазақ тілі және әдебиеті Тарих Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP) Магистратура Физика (педагогика) Математика (педагогика) Химия Екі …

Химия-Биология Read More »

Давронжон Гаипов SDU университетінің бірінші проректоры болып тағайындалды

Давронжон Гаипов SDU University-дің бірінші проректоры болып тағайындалды Давронжон Эркинович — Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі. Ол КазУМОиМЯ-да магистратураны тәмамдап, Еуразия гуманитарлық институтында докторлық дәрежесін қорғаған. Сонымен қатар, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. Ұлыбританиядағы Кембридж университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, Бирмингем және Эстон университеттерінде зерттеуші болып жұмыс істеді. Давронжон мырзаның жоғары білім саласына қосқан үлесі …

Давронжон Гаипов SDU университетінің бірінші проректоры болып тағайындалды Read More »

«KAZENERGY» қауымдастығы гранттық бағдарлама аясында конкурсқа өтінім қабылдауды бастады

«KAZENERGY» қауымдастығы гранттық бағдарлама аясында конкурсқа өтінім қабылдауды бастады Құрметті білімгер! «KAZENERGY» қауымдастығы 2025–2026 оқу жылына оқу ақысын өтеу үшін гранттық бағдарлама аясында конкурсқа өтінім қабылдауды бастады.  Өтінім қабылдау мерзімі: 25 шілде – 31 тамыз 2025 ж. Өтінімді толтыру: https://grant.kazenergy.com Қатысу шарттары мен құжаттар тізімі: www.kazenergy.com Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Толық ақпаратты грант офисінің сайтынан біле аласыз.  

Вакантты гранттар

Вакантты гранттар Құрметті білімгер, босаған білім беру грантына өтініш қабылдаймыз! Бекітілген файлда мамандықтар бойынша бос гранттың орындары көрсетілген. Өтініш беру шарттары:1. Өтінішті ақылы негізде оқитын білімгер ғана бере алады; Білімгер Қазақстан Республикасының азаматыболуы тиіс;  3. Барлық оқу кезеңіндегі ең төменгі орташа балл(GPA) 2,5-тен жоғары болуы керек; “F” бағаларыбар білімгер қатыса алмайды;5. Өтініш төменде тіркелген файлда берілген үлгіге сәйкес берілуі керек. “Босаған …

Вакантты гранттар Read More »

International Emerging Scholars Conference-2025

International Emerging Scholars Conference-2025 2025 жылдың 20 маусымында SDU университетінің Ғылым департаменті «Bridging Academia and Industry to Empower Scholars for Collaborative Innovation» тақырыбында International Emerging Scholars Conference-2025 атты халықаралық конференция ұйымдастырды. Шараға ғалымдар, студенттер және түрлі сала мамандары қатысып, ғылыми зерттеулер мен олардың практикалық қолдану бағыттарындағы өзекті мәселелерді талқылады. Конференция аясында спикерлер сөз сөйлеп, қазіргі …

International Emerging Scholars Conference-2025 Read More »

Информатика

Қош келдіңіз Факультет жайлы Деканның ресми жолдауы Бағдарламалар Бакалавриат Химия Физика Информатика Математика (педагогика) Аударма ісі Екі шет тілі Қолданбалы филология Педагогика және психология Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Әлеуметтік педагогика Қазақ тілі және әдебиеті Тарих Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP) Магистратура Физика (педагогика) Математика (педагогика) Химия Екі …

Информатика Read More »

Freedom Holding Corp. қолдауымен жүзеге асқан Data Bootcamp бағдарламасы сәтті аяқталды

Freedom Holding Corp. қолдауымен жүзеге асқан Data Bootcamp бағдарламасы сәтті аяқталды Freedom Holding Corp. серіктестігімен жүзеге асқан Data Bootcamp бағдарламасы өз мәресіне жетті. Бағдарлама аясында 30 студент, 8 ментор (төртеуі – SDU оқытушылары, төртеуі – Freedom Holding Inc. компаниясының мамандары) және ұйымдастыру тобы бірлесе отырып, деректерді талдаудың негіздерінен бастап, финалдық Хакатонда нақты жобалар ұсынуға дейінгі …

Freedom Holding Corp. қолдауымен жүзеге асқан Data Bootcamp бағдарламасы сәтті аяқталды Read More »

SDU делегациясының Қытайға ресми сапары

SDU делегациясының Қытайға ресми сапары 2025 жылдың маусым айында SDU университетінің делегациясы Қытай Халық Республикасына ресми іс-сапармен барып қайтты. Іс-сапар аясында Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен кездесу өткізіліп, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Делегация құрамында Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы – Саудбаев Мадияр,  Ғылым координаторы – Нуридденова Айзада, Құқық кафедрасының меңгерушісі – Көпбаева Айжан, …

SDU делегациясының Қытайға ресми сапары Read More »

STEM LEADERSHIP

Қош келдіңіз Факультет жайлы Деканның ресми жолдауы Бағдарламалар Бакалавриат Химия Физика Информатика Математика Аударма ісі Екі шет тілі Қолданбалы филология Педагогика және психология Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Әлеуметтік педагогика Қазақ тілі және әдебиеті Тарих Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP) Магистратура Физика Математика Химия Екі шет тілі Биология …

STEM LEADERSHIP Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content