Search Results for: a

Бас Маман (Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультеті)

Бас Маман (Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультеті) Қызмет түрі Административтік Міндеттері Білім беру бағдарламалары бойынша академиялық күнтізбені дайындау жəне рəсімдеу; DMS жүйесінде шаблондар бойынша құжаттарды дайындау жəне рəсімдеу; PMS жүйесінде төмендегі жұмыстарды атқару; Факультет мамандықтары бойынша рейтинг мəліметтерін жинақтау; Факультеттің жаңа білім беру бағдарламаларына лицензиялау құжаттарын формаларға сай толтыру; Кафедраның сыртқы жəне ішкі хат алмасу …

Бас Маман (Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультеті) Read More »

SDU University-де “Журналист болғым келеді” IV Республикалық эссе байқауы өтті

SDU University-де “Журналист болғым келеді” IV Республикалық эссе байқауы өтті 2–3 мамыр күндері SDU University қабырғасында “Журналист болғым келеді” атты IV Республикалық эссе байқауы өткізілді. Аталмыш байқау жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушыларына журналистика саласына алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді. Биылғы байқаудың бірінші кезеңіне 346 оқушы тіркеліп, олардың ішінен 153 оқушы екінші кезеңге жолдама …

SDU University-де “Журналист болғым келеді” IV Республикалық эссе байқауы өтті Read More »

SDU Extension School мектеп басшыларына арналған семинар-тренинг өткізді

SDU Extension School мектеп басшыларына арналған семинар-тренинг өткізді 2025 жылдың 29 сәуірінде SDU Extension School Астана, Шымкент, Алматы, Өскемен және Ақтөбе қалаларынан келген мектеп директорларының орынбасарларына арналған 6 сағаттық семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинарда тиімді жиналыс өткізу, инклюзия мен психологиялық қолдауға негізделген жаңа оқу мәдениетін қалыптастыру, заманауи көшбасшы психологиясы мен адаптивті лидерлік тәсілдерін дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс …

SDU Extension School мектеп басшыларына арналған семинар-тренинг өткізді Read More »

ХVII Республикалық пәндік олимпиадалар өз мәресіне жетті: жеңімпаздар анықталды

ХVII Республикалық пәндік олимпиадалар өз мәресіне жетті: жеңімпаздар анықталды 2025 жылдың 24-25 сәуір күндері еліміздің жоғары оқу орындары арасында білім бәсекесі қыза түсті. «SDU University» базасында өткен ХVII Республикалық пәндік олимпиада аясында екі бірдей білім беру бағдарламасы бойынша студенттер өз білімдерін сынап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. 24 сәуір күні «Филология (қазақ)» білім беру бағдарламасы бойынша …

ХVII Республикалық пәндік олимпиадалар өз мәресіне жетті: жеңімпаздар анықталды Read More »

SDU University бірінші университетаралық киберқауіпсіздік байқауында III орынға ие болды

SDU University бірінші университетаралық киберқауіпсіздік байқауында III орынға ие болды SDU University-дің дарынды студенттерінен құралған команда Energo University (Алматы энергетика және байланыс университеті) ұйымдастырған, 50 жылдық мерейтой аясында өткен алғашқы университетаралық киберқауіпсіздік байқауында 3-орынға ие болды. Бұл ұлттық деңгейдегі байқау Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында білім алатын студент командаларын біріктірді. Қатысушылар екі …

SDU University бірінші университетаралық киберқауіпсіздік байқауында III орынға ие болды Read More »

Білім берудегі серіктестік: Қазақстан мен Өзбекстан мамандарының диалогы

Білім берудегі серіктестік: Қазақстан мен Өзбекстан мамандарының диалогы 18 сәуір күні SDU University қабырғасында «Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектептің өзара әрекеттестігі: озық тәжірибелер мен инновациялық тәсілдер» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны «Педагогика және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің «Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасы ұйымдастырды. Аталған дөңгелек үстелге Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ мектепке …

Білім берудегі серіктестік: Қазақстан мен Өзбекстан мамандарының диалогы Read More »

SDU University ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі бойынша сертификациядан сәтті өтті

SDU University ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі бойынша сертификациядан сәтті өтті SDU университеті Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі (Information Security Management Systems) саласында ISO/IEC 27001:2022 халықаралық стандартына сәйкес сертификаттаудан сәтті өтті деген қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келеді. Бұл беделді халықаралық сертификат университетіміздің ақпараттық қауіпсіздік бойынша барлық халықаралық талаптарға толық сәйкес жұмыс істейтінін айғақтайды. Сертификат дербес және қызметтік деректердің …

SDU University ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі бойынша сертификациядан сәтті өтті Read More »

Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP)

Бакалавриат Магистратура Докторантура Minor KZ RU EN KZ RU EN Қош келдіңіз Факультет жайлы Деканның ресми жолдауы Бағдарламалар Бакалавриат Химия Физика Математика (педагогика) Аударма ісі Екі шет тілі Қолданбалы филология Педагогика және психология Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Әлеуметтік педагогика Қазақ тілі және әдебиеті Тарих Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен …

Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP) Read More »

SDU University-де Орталық Азиядағы заң, қоғам және медианың өзекті мәселелері талқыланған халықаралық конференция өтті

SDU University-де Орталық Азиядағы заң, қоғам және медианың өзекті мәселелері талқыланған халықаралық конференция өтті 17–18 сәуір күндері SDU University-де Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен «Өзгермелі әлемдегі Орталық Азия: аймақтық субьектілік, құқықтық сын-қатерлер және медиа ландшафт» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Конференцияның ашылуында SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев құттықтау сөз сөйлеп, Орталық Азияның заманауи сын-қатерлерін ғылыми …

SDU University-де Орталық Азиядағы заң, қоғам және медианың өзекті мәселелері талқыланған халықаралық конференция өтті Read More »

Инклюзивті білім: SDU студенті республикалық байқауда топ жарды

Инклюзивті білім: SDU студенті республикалық байқауда топ жарды Инклюзивті білім беру тек ерекше қажеттіліктері бар жандарға жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар қоғамның адамгершілік деңгейінің, өркениетке бет бұруының көрсеткіші. Әрбір адам — қоғамның толыққанды мүшесі. Оған сапалы білім алуға, өз қабілетін жүзеге асыруға және армандарына қол жеткізуге тең мүмкіндік берілуі тиіс. SDU University — ерекше …

Инклюзивті білім: SDU студенті республикалық байқауда топ жарды Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content