Search Results for: a

Astana Finance Days 2025: Болашақтың негізін қалайтын капитал

Astana Finance Days 2025: Болашақтың негізін қалайтын капитал Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Astana Finance Days (AFD) VIII форумына SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев спикер ретінде қатысты. Форумды «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ұйымдастырды. Бұл – Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі №1 қаржы орталығы, сондай-ақ инновациялар мен бизнестің өсуіне арналған серпінді хаб. Биыл университетімізде …

Astana Finance Days 2025: Болашақтың негізін қалайтын капитал Read More »

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және құқықтың болашағы: Алматыда IV IT Law Forum өтті

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және құқықтың болашағы: Алматыда IV IT Law Forum өтті 14 тамыз күні Алматыдағы Rahat Palace Hotel қонақүйінде Орталық Азиядағы құқық пен технология тоғысындағы басты шара — IV IT Law Forum ұйымдастырылды. Бұл форумға заңгерлер, IT саласының мамандары, мемлекеттік органдар өкілдері, бизнес қауымдастығы мен академиялық орта бір арнаға тоғысып, жасанды интеллектіні құқықтық реттеу, …

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және құқықтың болашағы: Алматыда IV IT Law Forum өтті Read More »

«KAZENERGY» қауымдастығы гранттық бағдарлама аясында конкурсқа өтінім қабылдауды бастады

«KAZENERGY» қауымдастығы гранттық бағдарлама аясында конкурсқа өтінім қабылдауды бастады Құрметті білімгер! «KAZENERGY» қауымдастығы 2025–2026 оқу жылына оқу ақысын өтеу үшін гранттық бағдарлама аясында конкурсқа өтінім қабылдауды бастады.  Өтінім қабылдау мерзімі: 25 шілде – 31 тамыз 2025 ж. Өтінімді толтыру: https://grant.kazenergy.com Қатысу шарттары мен құжаттар тізімі: www.kazenergy.com Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Толық ақпаратты грант офисінің сайтынан біле аласыз.  

International Emerging Scholars Conference-2025

International Emerging Scholars Conference-2025 2025 жылдың 20 маусымында SDU университетінің Ғылым департаменті «Bridging Academia and Industry to Empower Scholars for Collaborative Innovation» тақырыбында International Emerging Scholars Conference-2025 атты халықаралық конференция ұйымдастырды. Шараға ғалымдар, студенттер және түрлі сала мамандары қатысып, ғылыми зерттеулер мен олардың практикалық қолдану бағыттарындағы өзекті мәселелерді талқылады. Конференция аясында спикерлер сөз сөйлеп, қазіргі …

International Emerging Scholars Conference-2025 Read More »

SDU University Galym Project жобасымен бірлесіп Academic Publishing Bootcamp өткізді

SDU University Galym Project жобасымен бірлесіп Academic Publishing Bootcamp өткізді 2025 жылдың 23-29 маусымы аралығында SDU University Ғылым департаменті Galym Project-пен бірлесіп докторанттарға арналған Academic Publishing Bootcamp бағдарламасын сәтті ұйымдастырды. Academic Publishing Bootcamp – ғылыми мақаланы жазу және халықаралық журналға дайындау дағдыларын дамытуға бағытталған жеті күндік қарқынды оқу бағдарламасы. Bootcamp-ке SDU University, Satbayev University, Тұран …

SDU University Galym Project жобасымен бірлесіп Academic Publishing Bootcamp өткізді Read More »

Freedom Holding Corp. қолдауымен жүзеге асқан Data Bootcamp бағдарламасы сәтті аяқталды

Freedom Holding Corp. қолдауымен жүзеге асқан Data Bootcamp бағдарламасы сәтті аяқталды Freedom Holding Corp. серіктестігімен жүзеге асқан Data Bootcamp бағдарламасы өз мәресіне жетті. Бағдарлама аясында 30 студент, 8 ментор (төртеуі – SDU оқытушылары, төртеуі – Freedom Holding Inc. компаниясының мамандары) және ұйымдастыру тобы бірлесе отырып, деректерді талдаудың негіздерінен бастап, финалдық Хакатонда нақты жобалар ұсынуға дейінгі …

Freedom Holding Corp. қолдауымен жүзеге асқан Data Bootcamp бағдарламасы сәтті аяқталды Read More »

SDU University THE Impact Rankings 2025 тізімінде

SDU University THE Impact Rankings 2025 тізімінде SDU University әлемнің 2 318-ден астам жоғары білім беру мекемелері арасында THE Impact Rankings 2025 жаһандық рейтингінде 1001–1500 орын аралығынан өз орнын қайта иеленгенін мақтанышпен хабарлайды. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (Sustainable Development Goals – SDGs) аясындағы бұл рейтинг жоғары оқу орындарының әлеуметтік, экологиялық және экономикалық тұрақтылық бағытындағы жаһандық …

SDU University THE Impact Rankings 2025 тізімінде Read More »

STEM LEADERSHIP

Қош келдіңіз Факультет жайлы Деканның ресми жолдауы Бағдарламалар Бакалавриат Химия Физика Математика (педагогика) Аударма ісі Екі шет тілі Қолданбалы филология Педагогика және психология Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Әлеуметтік педагогика Қазақ тілі және әдебиеті Тарих Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP) Магистратура Физика (педагогика) Математика (педагогика) Химия Екі шет …

STEM LEADERSHIP Read More »

TOWNHALL MEETING 2025

TOWNHALL MEETING 2025 18 маусым күні SDU University-де қызметкерлер мен университет әкімшілігінің басын қосқан  TOWNHALL MEETING 2025 шарасы өтті. Кездесу барысында университет ректоры 2024–2025 оқу жылындағы негізгі нәтижелер мен жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен стратегиялық басымдықтар таныстырылды. Университет басшылығы қызметкерлердің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты. Бұл …

TOWNHALL MEETING 2025 Read More »

SDU University және Teach For Qazaqstan ұйымының серіктестігі: болашақ мұғалімдерді нарық сұранысына сай дайындау

SDU University және Teach For Qazaqstan ұйымының серіктестігі: болашақ мұғалімдерді нарық сұранысына сай дайындау SDU University-дің Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті болашақ педагогтардың кәсіби дамуына бағытталған EDU Career дуалды білім беру бағдарламасының дайындық кезеңі — EDU Career Incubator жобасын сәтті жүзеге асырды. Аталған бастаманы Teach For Qazaqstan ұйымы қолдап, жобаның маңызды серіктесіне айналды. 2025 жылғы …

SDU University және Teach For Qazaqstan ұйымының серіктестігі: болашақ мұғалімдерді нарық сұранысына сай дайындау Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content