SDU University студенттері «Заңғар заңгер» олимпиадасының жеңімпазы атанды
22 қазанда MNU University-де «Заңғар заңгер» олимпиадасы өтті. Байқау қорытындысы бойынша SDU University Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық мектебінің командасы I орын иеленіп, 300 000 теңгенің сертификатына ие болды.
Команда құрамы:
- Нұрайым Айболатқызы
- Элиф-Нұр Хасен
- Лазиза Эргашева
- Айым Алпысбек
- Асылым Асқар
Команда жаттықтырушысы – Абай Нажимов.
Студенттеріміз бен олардың жетекшісін жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

