SDU University Алматының тарихи орталығында білім мен кәсіби дамудың жаңа кеңістігін ашты

SDU University Алматы қаласында алғашқы қалалық кеңістігі — SDU Almaty Hub-ты іске қосты. Жаңа хаб қаланың тарихи орталығындағы, алматылықтар арасында Old Square атауымен танымал ауданда орналасқан. Бұл — Алматының іскерлік және мәдени өмірі тоғысқан, қаланың өзіндік атмосферасы мен тарихын сақтаған ерекше орталық. Дәл осы жерде университет білім беру ортасын, кәсіби қауымдастықты және қалалық ортаны біріктіретін жаңа кеңістік қалыптастырып отыр.

SDU Almaty Hub-тың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі әрі SDU Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Асқар Жұмаділдаев, Sergek Group компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер, меценат, SDU түлегі және университеттің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Асет Ахметов, сондай-ақ SDU University ректоры Арман Әлібекұлы Жұмажанов қатысты.

«Қаскелеңдегі негізгі кампусымыздан өзгеше, SDU Almaty Hub жұмыс күнінен кейін келуге, пікірлес жандармен кездесуге, ашық дәрістерге қатысуға немесе білімін одан әрі жалғастыру мүмкіндіктері туралы кеңес алуға қолайлы кеңістік ретінде ойластырылды», — деді SDU University ректоры Арман Жұмажанов.

SDU Almaty Hub-та не ұсынылады

Жаңа кеңістікте:

  • Магистратура, докторантура, MBA және Executive MBA бағдарламалары бойынша кеңес беру және құжат қабылдау;
  • Ашық дәрістер, шеберлік сабақтары және білім беру іс-шаралары;
  • Түлектер, студенттер, бизнес өкілдері мен сарапшылардың кездесулері;
  • Кәсіби қарым-қатынас пен бірлескен жұмысқа арналған нетворкинг аймағы ұйымдастырылады.

Хаб академиялық қоғамдастықты, индустрия өкілдерін және жас мамандарды біріктіретін тұрақты білім беру және кәсіби іс-шаралар өтетін алаңға айналады.

SDU University: халықаралық деңгейде мойындалған университет

1996 жылы құрылған SDU University биыл өзінің 30 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде университет заманауи академиялық ортаны қалыптастырып, ақпараттық технологиялар, инженерия, бизнес, экономика, білім беру және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын дамытты.

Университеттің басты басымдықтарының бірі — жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. SDU магистратура, докторантура, MBA және Executive MBA бағдарламаларын ұсынады. Олардың қатарында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен бірлесіп жүзеге асырылатын «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» MBA бағдарламасы бар, оның түлектері екі диплом алады.

SDU сондай-ақ Лондондағы Birkbeck University of London университетімен бірлесіп MSc (Master of Science) in Psychology бағдарламасын жүзеге асырады. Студенттер SDU кампусында білім алып, оқуын аяқтағаннан кейін британдық университеттің дипломына ие болады.

Сонымен қатар SDU International Baccalaureate (IB) Educator Network тарапынан педагогтерді даярлауға ресми түрде мойындалған Орталық Азиядағы алғашқы университет болып табылады. Университет FIBAA халықаралық институционалдық аккредитациясына ие және QS пен Times Higher Education халықаралық рейтингтерінде ұсынылған.

SDU Almaty Hub-тың іске қосылуы университеттің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудағы жаңа кезеңін айқындайды. Жаңа кеңістік магистратура, MBA және басқа да бағдарламаларды Алматыдағы мамандар мен жас кәсіби мамандар үшін қолжетімді етіп, білім беру іс-шаралары мен кәсіби нетворкингтің жаңа алаңына айналады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: